Қалалық №10 емханада жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында ерекше шара өтті.
Шара емхана басшысы Сабит Пазиловтың бастамасымен және кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балаларға мектепке қажетті оқу құралдарымен толықтырылған рюкзактар табысталды. Сонымен қатар, 15 көпбалалы отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл бастама балалардың жаңа оқу жылына жақсы дайындалып, көтеріңкі көңіл-күймен баруына қолдау көрсетуге бағытталды. В городской поликлинике №10 в преддверии нового 2026–2027 учебного года прошло особое мероприятие. По инициативе руководителя поликлиники Сабита Пазилова и при поддержке профсоюзной организации детям, которые в этом году впервые переступят порог школы, вручили рюкзаки с необходимыми школьными принадлежностями. Кроме того, 15 многодетным семьям была оказана финансовая поддержка. Инициатива направлена на то, чтобы поддержать детей в подготовке к новому
Алматыдағы іргелі медициналық ошақтардың бірі – №10 қалалық емхана өзінің 35 жылдық тарихында қалыптасқан дәстүрді жаңа сапалық деңгейге көтерді. Бүгінде 60 мыңға жуық тұрғынның денсаулығын сеніп тапсырған мекеме тек технологиялық жабдықталуымен ғана емес, өз мамандарының психологиялық әл-ауқатына деген ерекше қамқорлығымен де назар аудартып отыр.
Медицина – адам тағдырымен тікелей байланысты, жауапкершілігі өте жоғары сала. Күнделікті науқастармен жұмыс істеу, ауыр диагноздармен бетпе-бет келу, уақытпен жарысу – дәрігерлерді психоэмоционалдық тұрғыдан қажытып, кәсіби күйзеліске (burnout) алып келетіні жасырын емес. Күндклікті қарбаластағы мамандардың қызметтегі күйзелісінің алдын алу мақсатында емхананың стратегиялық даму қызметі мамандардың рухани еңсесін көтеруге бағытталған «Денсаулық сақшысы – қоғам тірегі» атты арнайы жиын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ақ халаттыларға кәсіби тұрғыда қолдау көрсету, стресстік жағдайларды басқарудың тиімді жолдарын үйрету және дәрігерлердің қоғамдағы беделін айқындау. Басқосу аясында психология саласының майталмандары дәрігерлермен еркін форматта сұхбаттасты. Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатр-психотерапевті Карина Абдулла мен «Тұран» университетінің докторанты, психолог Гульшат
Кәсіби күйзеліспен қалай күресуге болады? 🧠
Бүгін №10 қалалық емханада маңызды кездесу өтті. С.Ж. Асфеньдияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, нутрициолог Ардақ Чуенбекова тұрғындармен күнделікті тығыз жұмыс істейтін мамандарға арнап арнайы дәріс оқыды.Кездесудің басты тақырыбы — «Кәсіби күйзеліс: мәселенің өзектілігі және оны жеңу жолдары».Қызмет бабында адамдармен көп қарым-қатынаста болатын медицина қызметкерлері үшін бұл өте қажетті тақырып. Профессор күйзеліспен күресудегі тамақтанудың маңыздылығына тоқталды. Дұрыс тамақтану рационы ағзаның психоэмоционалдық тұрақтылығына тікелей әсер ететінін айтты. Ағзаны стресске төзімді ету үшін қажетті дәрумендер кешені мен минералдардың маңызы туралы ғылыми түсініктеме берілді. Қатысушылар профессорға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды. Кездесу соңында мамандар стресс деңгейін төмендетуге бағытталған арнайы ұсынымдармен танысты.
Біреудің шынайы алғысына бөлену өзара сыйластық, құрмет белгісі. «Ел алғысын алсаң – елеулісі боларсың» деген дана сөз бар.
Біздің емхана ұжымы үшін пациенттердің шынайы лебізі мен ыстық ықыласы зор марапат, еңбектің бағасы.