Алматыдағы іргелі медициналық ошақтардың бірі – №10 қалалық емхана өзінің 35 жылдық тарихында қалыптасқан дәстүрді жаңа сапалық деңгейге көтерді. Бүгінде 60 мыңға жуық тұрғынның денсаулығын сеніп тапсырған мекеме тек технологиялық жабдықталуымен ғана емес, өз мамандарының психологиялық әл-ауқатына деген ерекше қамқорлығымен де назар аудартып отыр.
Медицина – адам тағдырымен тікелей байланысты, жауапкершілігі өте жоғары сала. Күнделікті науқастармен жұмыс істеу, ауыр диагноздармен бетпе-бет келу, уақытпен жарысу – дәрігерлерді психоэмоционалдық тұрғыдан қажытып, кәсіби күйзеліске (burnout) алып келетіні жасырын емес. Күндклікті қарбаластағы мамандардың қызметтегі күйзелісінің алдын алу мақсатында