🔹Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жыл ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы орайда емханамыздың күту залында жасанды интеллект көмекшісі бар жаңа өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы орнатылды.Инфоматтың негізгі мүмкіндіктері:
🔹 Тіркеуге өз бетінше жазылу, кезекке тұру;🔹 ЖСН мен енгізілген мәліметтерді автоматты түрде тексеру;🔹МӘМС статусын тексеру;🔹 Қарбалас уақытта тіркеуге немесе дәріханаға кезекті реттеп, уақытты үнемдеу.Процесс өте қарапайым: экранды түртіп, ЖСН- ды енгізіп қажетті қызметті белгілеу жеткілікті. Жүйе бірнеше секунд ішінде
ТАЛАЙ ЖАНДЫ АЯҚҚА ТҰРҒЫЗҒАН РИЗАГҮЛ
Бұл жалғанда адам баласынан асқан мықты жаратылыс иесі жоқ сияқты. Десе де, кейде ең осалы да осы адам ба дерсің. Тағдырдың тауқыметімен төсекке таңылып, талайдың күні кісіге қарап қалғаны — өмірдің ащы шындығы. Мұндай қиын сәтте адамға құрғақ сөз емес,
МӘМС мүмкіндіктерін білесіз бе?
Денсаулыққа қатысты мәселе туындағанда, көбіне уақыт пен қаражатты уайымдап, дәрігерге баруды кейінге шегеретін жандар аз емес. Бірақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — бұл сіздің сапалы медициналық қызмет алуға деген заңды құқығыңыз.№10 қалалық емхананың менеджері Айтолқын Қайырбекова МӘМС аясындағы мүмкіндіктер
Тазалық – ішкі мәдениеттің айқын көрінісі.
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпықалалық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке №10 қалалық емхананың қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Іс-шара Сайран шағынауданында өтіп, қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. «Бұл бастама – бір күндік шара емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімге бағытталған жұмыс. «Таза
🌷Мейірім мен қамқорлықты үйлестірген жандар бақ сынасты
Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында Алматы қаласындағы №10 қалалық емханада орта буын медицина қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтті. Байқауға Әуезов ауданындағы 7 медициналық ұйымның өкілдері қатысты. Қатысушылар қалалық және республикалық кезеңдер алдындағы іріктеуге дайындық деңгейін көрсетті. Қалалық кезеңнің қорытындысы 28 сәуірде шығарылады.
Бүгін №10 қалалық емханада Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ұлттық дәстүр мен жаңару идеясын ұштастырған мерекелік іс-шараға медицина қызметкерлері мен емхана ұжымы қатысты.
Мереке аясында емхана басшысы Сабит Пазилов ұжымды құттықтады. Наурыз – көктемнің бастауы, жаңару мен жақсылықтың белгісі. Бұл – тек бір күндік мереке емес, бүкіл жылға береке мен ырыс әкелетін ерекше кезең. Халық денсаулығы үшін қызмет етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке
ЕМХАНАДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Бүгін №10 қалалық емханасының дәрігерлері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымымен келген тұрғындарды гинеколог, эндокринолог, терапевт қабылдады. Іс-шара барысында келушілердің қан қысымы өлшенді, дене салмағы индексі (ДСИ) анықталды, сондай-ақ қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеру мүмкіндігі берілді.
Дұрыс тамақтану – баланың денсаулығы мен дамуының негізі
Бала – елдің ертеңі. Оның дені сау болып өсуі – әр ата-ананың басты міндеті. Осы маңызды миссияда ата-аналарды қолдау үшін елімізде педиатриялық қызметті дамыту және балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар жүргізілуде. Соңғы жылдары педиатр мамандарының жетіспеушілігі ата-аналар
Қазақстанда педиатриялық қызметті дамытуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары педиатр мамандарының жетіспеушілігі ата-аналарды алаңдатқан өзекті мәселелердің бірі болғаны белгілі. Осыған байланысты өткен жылдан бастап елімізде педиатриялық көмекті күшейту бойынша нақты қадамдар қолға алынды.
Балалардың денсаулығын кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында емханалар базасында педиатриялық бөлімшелер мен Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО) кезең-кезеңімен ашылуда. Осындай орталықты қалалық №10 емханада іске қосу жоспарланып отыр. Педиатриялық бөлімшелерді құру келесі міндеттерді шешуге бағытталған:• балалардың денсаулығын туған сәтінен