a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70
Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы 1414 8-708-480-32-70, +7 (727) 338-45-99, +7 (727) 338-46-87, +7 (727) 338-45-05
Title Image

Жаңалықтар

Алматыдағы іргелі медициналық ошақтардың бірі – №10 қалалық емхана өзінің 35 жылдық тарихында қалыптасқан дәстүрді жаңа сапалық деңгейге көтерді. Бүгінде 60 мыңға жуық тұрғынның денсаулығын сеніп тапсырған мекеме тек технологиялық жабдықталуымен ғана емес, өз мамандарының психологиялық әл-ауқатына деген ерекше қамқорлығымен де назар аудартып отыр.

Медицина – адам тағдырымен тікелей байланысты, жауапкершілігі өте жоғары сала. Күнделікті науқастармен жұмыс істеу, ауыр диагноздармен бетпе-бет келу, уақытпен жарысу – дәрігерлерді психоэмоционалдық тұрғыдан қажытып, кәсіби күйзеліске (burnout) алып келетіні жасырын емес. Күндклікті қарбаластағы мамандардың қызметтегі күйзелісінің алдын алу мақсатында емхананың стратегиялық даму қызметі мамандардың рухани еңсесін көтеруге бағытталған «Денсаулық сақшысы – қоғам тірегі» атты арнайы жиын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – ақ халаттыларға кәсіби тұрғыда қолдау көрсету, стресстік жағдайларды басқарудың тиімді жолдарын үйрету және дәрігерлердің қоғамдағы беделін айқындау.

Басқосу аясында психология саласының майталмандары дәрігерлермен еркін форматта сұхбаттасты. Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатр-психотерапевті Карина Абдулла мен «Тұран» университетінің докторанты, психолог Гульшат Саитгареева медициналық қызметкерлерге эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, шиеленісті сәттерде сабырлылық таныту әдістемелері бойынша арнайы тренинг өткізді. Сарапшылардың пікірінше, ішкі үйлесімін тапқан маман ғана науқаспен сапалы байланыс орнатып, емдеу нәтижесін барынша жақсарта алады.

Жиынның құрметті қонағы, танымал журналист Гүлмира Әбіқай өз сөзінде дәрігерлердің қоғамдағы орнына ерекше тоқталды. Ол медицина қызметкерлерінің машақаты мол жұмысы көбіне елеусіз қалып жататынын, алайда олардың әрбір емделушінің өмірі үшін күресуі – үлкен ерлік екенін атап өтті.

  • Дәрігер қай уақытта да қоғамның тірегі. Олардың жаны жаралы болса, емделушіге дем бере алмайды. Сондықтан әлеуметтік маңызы зор дәрігер мамандығының мәртебесін көтеру, оларға деген қоғамдық құрметті арттыру – бүгінгі күннің міндеті,– деді Гүлмира Әбіқай.

Емханадағы бүгінгі ахуалға көз жүгіртсек, мұндағы өзгерістер оң сипатқа ие. Дәрігерлер мен емделушілер арасындағы қарым-қатынас жаңа сапалық деңгейге көшкен. Бұрынғыдай арыз-шағымдардың орнын алғыс хаттардың басуы – ұжымдағы оң серпіліс байқалтады.

Skip to content