№10 қалалық емханада гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халықаралық науқан басталды
Бүгін №10 қалалық емханада 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясында алғашқы іс-шара ұйымдастырылды.
Биылғы науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігу» ұранымен өтуде.
Науқанның алғашқы күні емхана психологтері тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды ақпаратпен бөлісті.
