МӘМС мүмкіндіктерін білесіз бе?
Денсаулыққа қатысты мәселе туындағанда, көбіне уақыт пен қаражатты уайымдап, дәрігерге баруды кейінге шегеретін жандар аз емес. Бірақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — бұл сіздің сапалы медициналық қызмет алуға деген заңды құқығыңыз.№10 қалалық емхананың менеджері Айтолқын Қайырбекова МӘМС аясындағы мүмкіндіктер туралы ашып айтты.
Тазалық – ішкі мәдениеттің айқын көрінісі.
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпықалалық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке №10 қалалық емхананың қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Іс-шара Сайран шағынауданында өтіп, қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. «Бұл бастама – бір күндік шара емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімге бағытталған жұмыс. «Таза Қазақстан» акциясының мақсат-міндеттерімен толық үндеседі. Тек бірлесе әрекет ету арқылы ғана қоршаған ортаны жақсартып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра аламыз», – деді емхана директоры Сабит Пазилов. Айта кету керек, сенбілік барысында аулаларға, іргелес аумақтарға, қоғамдық кеңістіктерге және сауда мен қызмет көрсету нысандарының айналасына ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
🌷Мейірім мен қамқорлықты үйлестірген жандар бақ сынасты
Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында Алматы қаласындағы №10 қалалық емханада орта буын медицина қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтті. Байқауға Әуезов ауданындағы 7 медициналық ұйымның өкілдері қатысты. Қатысушылар қалалық және республикалық кезеңдер алдындағы іріктеуге дайындық деңгейін көрсетті. Қалалық кезеңнің қорытындысы 28 сәуірде шығарылады. Жеңімпаздар Алматы атынан республикалық деңгейде бақ сынайды. Байқау қатысушыларына медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары (ЛПР) Лайла Сүлейменова сәттілік тіледі. «Құрметті мейіргерлер, фельдшерлер мен акушерлер! Сіздерді алда келе жатқан Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз — денсаулық сақтау жүйесінің берік тірегі. Бұл кәсіби мерекенің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамасымен белгіленуі де тегін емес. Сіздерге адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз
Бүгін №10 қалалық емханада Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ұлттық дәстүр мен жаңару идеясын ұштастырған мерекелік іс-шараға медицина қызметкерлері мен емхана ұжымы қатысты.
Мереке аясында емхана басшысы Сабит Пазилов ұжымды құттықтады. Наурыз – көктемнің бастауы, жаңару мен жақсылықтың белгісі. Бұл – тек бір күндік мереке емес, бүкіл жылға береке мен ырыс әкелетін ерекше кезең. Халық денсаулығы үшін қызмет етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Әрқашан ел алғысына бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, – деді Сабит Пазилов. Іс-шара концерттік және ойын-сауық бағдарламасымен жалғасын тапты. Қатысушылар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі сайыстар өткізілді. Мереке барысында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, белсенді қызметкерлер естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұжымдық бірлік пен көтеріңкі көңіл-күйге ұласқан мерекелік кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
ЕМХАНАДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Бүгін №10 қалалық емханасының дәрігерлері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымымен келген тұрғындарды гинеколог, эндокринолог, терапевт қабылдады. Іс-шара барысында келушілердің қан қысымы өлшенді, дене салмағы индексі (ДСИ) анықталды, сондай-ақ қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеру мүмкіндігі берілді. Тұрғындарға терапевт дәрігерлер кеңес беріп, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ сауықтыру бөлімінің қызметкерлері әртүрлі профилактикалық кеңестер мен ұсынымдарымен бөлісті. «Ашық есік күніне» барлығы 32 тұрғын келді. Олардың 21-інде қауіпті факторлар анықталды. Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Ләйлә Сүлейманованың айтуынша, шараға қараша халық қатысты, тұрғындар денсаулыққа көңіл бөлуге белсенділік танытты.
Дұрыс тамақтану – баланың денсаулығы мен дамуының негізі
Бала – елдің ертеңі. Оның дені сау болып өсуі – әр ата-ананың басты міндеті. Осы маңызды миссияда ата-аналарды қолдау үшін елімізде педиатриялық қызметті дамыту және балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар жүргізілуде. Соңғы жылдары педиатр мамандарының жетіспеушілігі ата-аналар үшін өзекті мәселе болғандықтан, өткен жылдан бастап балаларға кешенді медициналық көмекті күшейту бойынша нақты қадамдар жасалуда. Балалардың денсаулығын кешенді бақылау үшін емханаларда педиатриялық бөлімшелер мен Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО) кезең-кезеңімен ашылып келеді. Жақын арада осындай орталықтардың бірі №10 қалалық емханада іске қосылады. Педиатриялық бөлімшелер балаларға туған сәтінен бастап тұрақты медициналық бақылау жүргізуге, даму ерекшеліктерін ерте кезеңде анықтауға, мамандандырылған көмекке қолжетімділікті
Қазақстанда педиатриялық қызметті дамытуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары педиатр мамандарының жетіспеушілігі ата-аналарды алаңдатқан өзекті мәселелердің бірі болғаны белгілі. Осыған байланысты өткен жылдан бастап елімізде педиатриялық көмекті күшейту бойынша нақты қадамдар қолға алынды.
Балалардың денсаулығын кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында емханалар базасында педиатриялық бөлімшелер мен Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО) кезең-кезеңімен ашылуда. Осындай орталықты қалалық №10 емханада іске қосу жоспарланып отыр. Педиатриялық бөлімшелерді құру келесі міндеттерді шешуге бағытталған:• балалардың денсаулығын туған сәтінен бастап жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;• даму бұзылыстарын ерте кезеңде анықтауды күшейту;• мультидисциплинарлық тәсілді енгізу;• мамандандырылған көмекті халыққа, әсіресе отбасыларға қолжетімді ету. Педиатриялық бөлімшелер құрамына:• педиатр дәрігерлер кабинеттері;• Даму және ерте араласу орталықтары (оның ішінде патронаж қызметі мен бала дамуы мамандары);• тамақтану бойынша ресурстық орталық;• аудиологиялық скрининг кабинеті;• егу кабинеті;• мектеп медицинасы кабинеті кіреді. Баланың даму ерекшеліктері анықталған жағдайда, ол Даму және ерте
Қасиетті оразада №10 қалалық емхананың клиникалық зерттеу бөлімінің ұжымы «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.
Акция барысында қызметкерлер азық-түлік қоржындарын жинап, оларды бөлімнің тазалық қызметкерлері мен кіші медициналық персоналына табыстады. Ұжым бұл бастаманы «Шын жүректен» челленджі аясында жалғастырып, қайырымдылық эстафетасын №4 қалалық емхана ұжымына жолдады.
Бүгін №10 қалалық емханада жоспарлы жұмыс жиналысы өтті. Жиынға директор мен оның орынбасарлары, аға координаторлар, бөлім меңгерушілері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, бейінді мамандар, педиатрлар, акушер-гинекологтар, МРП қызметкерлері және мейіргерлер қатысты.
Жиналыс барысында емхананың қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Сарапшылар тобы 2025–2026 жылдардың ақпан айындағы пациенттердің өтініштері бойынша жүргізілген мониторинг қорытындыларын таныстырып, биылғы жылдың қаңтар–ақпан айларында анықталған кемшіліктерге талдау жасады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айындағы скринингтік тексерулердің орындалу барысы жөнінде ақпарат берілді. Жиын қорытындысында атқарылған жұмыстар сараланып, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған алдағы міндеттер белгіленді.