Алматыдағы іргелі медициналық ошақтардың бірі – №10 қалалық емхана өзінің 35 жылдық тарихында қалыптасқан дәстүрді жаңа сапалық деңгейге көтерді. Бүгінде 60 мыңға жуық тұрғынның денсаулығын сеніп тапсырған мекеме тек технологиялық жабдықталуымен ғана емес, өз мамандарының психологиялық әл-ауқатына деген ерекше қамқорлығымен де назар аудартып отыр.
Медицина – адам тағдырымен тікелей байланысты, жауапкершілігі өте жоғары сала. Күнделікті науқастармен жұмыс істеу, ауыр диагноздармен бетпе-бет келу, уақытпен жарысу – дәрігерлерді психоэмоционалдық тұрғыдан қажытып, кәсіби күйзеліске (burnout) алып келетіні жасырын емес. Күндклікті қарбаластағы мамандардың қызметтегі күйзелісінің алдын алу мақсатында
Кәсіби күйзеліспен қалай күресуге болады? 🧠
Бүгін №10 қалалық емханада маңызды кездесу өтті. С.Ж. Асфеньдияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, нутрициолог Ардақ Чуенбекова тұрғындармен күнделікті тығыз жұмыс істейтін мамандарға арнап арнайы дәріс оқыды.Кездесудің басты тақырыбы — «Кәсіби күйзеліс: мәселенің өзектілігі және оны жеңу жолдары».Қызмет бабында адамдармен көп қарым-қатынаста
Біреудің шынайы алғысына бөлену өзара сыйластық, құрмет белгісі. «Ел алғысын алсаң – елеулісі боларсың» деген дана сөз бар.
Біздің емхана ұжымы үшін пациенттердің шынайы лебізі мен ыстық ықыласы зор марапат, еңбектің бағасы.
🔹Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жыл ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы орайда емханамыздың күту залында жасанды интеллект көмекшісі бар жаңа өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы орнатылды.Инфоматтың негізгі мүмкіндіктері:
🔹 Тіркеуге өз бетінше жазылу, кезекке тұру;🔹 ЖСН мен енгізілген мәліметтерді автоматты түрде тексеру;🔹МӘМС статусын тексеру;🔹 Қарбалас уақытта тіркеуге немесе дәріханаға кезекті реттеп, уақытты үнемдеу.Процесс өте қарапайым: экранды түртіп, ЖСН- ды енгізіп қажетті қызметті белгілеу жеткілікті. Жүйе бірнеше секунд ішінде
МӘМС мүмкіндіктерін білесіз бе?
Денсаулыққа қатысты мәселе туындағанда, көбіне уақыт пен қаражатты уайымдап, дәрігерге баруды кейінге шегеретін жандар аз емес. Бірақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — бұл сіздің сапалы медициналық қызмет алуға деген заңды құқығыңыз.№10 қалалық емхананың менеджері Айтолқын Қайырбекова МӘМС аясындағы мүмкіндіктер
🌷Мейірім мен қамқорлықты үйлестірген жандар бақ сынасты
Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында Алматы қаласындағы №10 қалалық емханада орта буын медицина қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтті. Байқауға Әуезов ауданындағы 7 медициналық ұйымның өкілдері қатысты. Қатысушылар қалалық және республикалық кезеңдер алдындағы іріктеуге дайындық деңгейін көрсетті. Қалалық кезеңнің қорытындысы 28 сәуірде шығарылады.
Бүгін №10 қалалық емханада Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ұлттық дәстүр мен жаңару идеясын ұштастырған мерекелік іс-шараға медицина қызметкерлері мен емхана ұжымы қатысты.
Мереке аясында емхана басшысы Сабит Пазилов ұжымды құттықтады. Наурыз – көктемнің бастауы, жаңару мен жақсылықтың белгісі. Бұл – тек бір күндік мереке емес, бүкіл жылға береке мен ырыс әкелетін ерекше кезең. Халық денсаулығы үшін қызмет етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке
ЕМХАНАДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Бүгін №10 қалалық емханасының дәрігерлері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымымен келген тұрғындарды гинеколог, эндокринолог, терапевт қабылдады. Іс-шара барысында келушілердің қан қысымы өлшенді, дене салмағы индексі (ДСИ) анықталды, сондай-ақ қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеру мүмкіндігі берілді.