Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№10 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2,3 ықшамаудандарының 56000 астам тұрғындарының денсаулығын қорғап келеді.
Емханада 3 отбасы бөлімшесі, 18 мамандық дәрігерлері, күндізгі стаионары бар әйелдер консультациясы, отбасын жоспарлау кабинеті, «Ламаз» мектебі мен достық кабинеті, күндізгі терапиялық стационар, амбулаториялық хирургия орталығы, жастар денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік көмек, дені сау бала кабинеті медициналық қызмет көрсетеді. Клиникалық-диагностикалық зертхана, флюорографиялық және маммографиялық қондырғылары бар рентгенология бөлімшесі, УДЗ кабинеті, физиотерапия, ЕШК және массаж кабинет сияқты қосалқы қызметтер жұмыс істейді. Бірт рет қолданылатын шприцтерді айырбастау бойынша «Сенім орны» мен қалада алғашқылардың бірі болып темекіге қарсы орталық ашылған.
«Диабет мектебі», «Артериялық гипертензия», «Бронх демікпесі», «Жүректің ишемиялық ауруы», «Босануға даярлық мектебі» жұмыс істейді.
Тұрғындарды профилактикалық тексеру жүргізу жылдарында жоспар 100% орындалып келді, тексерілген тұлғалардың сырқаттарын анықтау, диспансерлік есепке алу, сондай-ақ, ересек тұрғындармен қатар, балалардың арасында да анықталған науқастарды сауықтыру көрсеткіштерін қалалық деңгейде жоғары болды.
Емхананың денсаулықты нығайту орталығы салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын енгізуге (2003 ж.), аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарға белсенді араласып, зор үлес қосқаны үшін грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Емхана республикалық «Кезексіз емхана» жарысының жеңімпазы болды.
Емхана ЮНИСЕФ ,«PSI», «Шығыс-Батыс ЖИТС қоры», мемлекеттік емес ұйымдармен, Алматы қ. әкімдігі жанындағы жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қорымен, Ұлттық саламатты өмір салты орталығымен, Алматы қалалық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, Әуезов және Алатау аудандарының әкімдіктерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
2007 жылы емхана Қазақстан Нефрологтары қауымдастығымен бірлесе Дүниежүзілік Бүйрек күні шеңберінде Алматы қ. тұрғындарында бүйрек сырқаттарын ерте анықтау бойынша скрининг өткізуге қатысты. 2010 жылы «WorldContraceptionDay» халықаралық ғаламдық кампанияға белсене араласты.
2011 жылдан бастап емхана қызметкерлері 5 әлеуметтік қызметкер және 5 психолог тұрғындарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп келеді.
2011 жылы Амбулаториялық хирургия орталығы ашылып, пациенттер отадан кейін бір күн жатуға арналған 2 төсек-орынмен жабдықталған.
Емханада 2013 жылдан бастап барлық медициналық қызмет түрлерін көрсететін ақылы бөлімше ашылған. Аталмыш бөлімше әр айдың қорытындысы боййынша шамамен миллион теңге табыс әкеледі.
2013 жылдың мамыр айынан 2014 жыл аралығында емхананың ғимаратында сейсмикалық нығайту жұмыстарымен қатар, күрделі жөндеу жүргізілді. Емханада жүргізілген күрделі жөндеуден кейін кейбір қызметтер мен бөлімшелер қайта ұйымдастырудан өтті. Ғимарат толығымен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін жабдықталған. Соның ішінде, қолжетімділікті арттыру үшін емханада тіркеу орны қайта ұйымдастырылды. Емхананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі реттеліп, тіркеу орнының жұмысы науқастардың күтуіне сәйкестендірілді. Дәрігерге телефон арқылы алдын ала жазылу қызметі, басшылық құрамның әкімшілік кезекшілігі сияқты жұмыстар жолға қойылды.
Клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесіне халықаралық стандарттарға сай жаңа заманауи қондырғы, 2013 жылы «Коагулометр - Huma», Германия биохимиялық талдауыш, Sysmex, Жапония гематологиялық талдауыш сатып алынды.