Психологилялық-әлеуметтік көмек

Денсаулық сақтау жүесінде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар ұсынатын қызметтер тізбесі

Қазақстан Республикаксында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсету мен арнайы әлеуметтік және психологиялық қызметтерді ұсынуды жақсарту үшін 2011 жылғы қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының штатына әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар енгізілген.

Арнайы әлеуметтік қызметтер – бұл әлеуметтік қызметкер өмірлік қиын жағдаятқа ұшыраған тұлғаға немесе отбасына көмек көрсететін, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге жағдайлар жасатын және олардың басқа азаматтармен бірдей қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.

Әлеуметтік қызметкер мынадай көмек түрлерін көрсете алады:

  1. пациенттер өз мүмкіндіктерін көрсете алатын және соның негізінде қоғамдағы жаңа өмір шарттарына бейімделетін жағдайлар жасау;
  2. пациентті әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде (жұмысқа орналасуға ықпал ету, бала асырап алуға, қамқорлық етуге, медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар мен мүгедектер үйіне, мектеп-интернаттарға жолдау);
  3. еңбекті пен әлеуметтік қорғау ұйымдарынан мүгедектерге арналған қозғалыс құралдарын, протездеу түрлерін алуға ықпал ету;
  4. мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға (отбасына) өзіне қызмет көрсету, тұрмыста және қоғамдық орындардагы мінез-құлық дағдыларын үйрету;
  5. тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетілетін тұлғалар мен отбасына (балалар, әйелдер, ер адамдар).

Психологиялық қызметтер өмірлік қиын жағдаяттарға тап болған тұлғалар мен отбасын психологиялық ағарту арқылы оларға қолдау көрсетуге, психологиялық профилактика мен психодиагностика жүргізуге бағытталған қызметтер кешені.


Психолог
көмек көрсетеді:

  1. адамға психологиялық қолдау көрсету (жеке проблемаларын шешуге, ұжымдағы, балалардың немесе ата-аналардың өзара қарым-қатынасты дұрыстауға ықпал ету);
  2. қоғамда бейімделу мен оңалту мақсатында ақпаратты және консультациялық көмек алуға ықпал ету;
  3. халыққа психологилық түзету мен психологиялық алдын алу көмегін ұсыну;
  4. адамның өзіне, өз күшіне сенуіне мүмкіндік беру, ол үшін күрделі жағдайдан шығуға көмек көрсету.

Аймақтағы денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары ұсынатын қызметтер туралы толық ақпарат алу үшін учаскелік дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Психологтардың жұмыс кестесі

ТАӘ Дүййсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
1 Имансейтова Асел Жансейтовна 12.20-20.00 Проф күн 8.00-15.40 12.20-20.00 8.00.-15.40
2 Айдарова Тахмира Серикбаевна 12.20-20.00 Проф күн 12.20-20.00 8.00-15.40 8.00-15.40
3 Тасмуратова Багила Тасмураткызы 8.00-15.40 12.20-20.00 8.00-15.40 8.00-15.40 12.20-20.00
4 Амзеева Алтынай Кедилбайкызы 8.00-14.20 8.00-14.20 Проф күн 12.00-18.20 8.00-14.20
5 Халыкова Гульнара Араповна 9.00-16.40 9.00-16.40 9.00-16.40 9.00-16.40 9.00-16.40

Әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс кестесі
 

ТАӘ Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
1 Бактанова Г.Ж. 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00.-14.00
2 Ауелбаева С.Ж. 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40
3 Рыскелдиева С.Б. 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8..00-15.40
4 Аманбаева П.Н. 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40
5 Жумабекова С. 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40 8.00-15.40
6 Куанышкалиева К.У. 8.00-17.00 8.00-17.00 8.00.-17.00 8.00.-17.00 8.00-17.00