КМК ШЖҚ "№10 Қалалық емханасында" 2013 жылдан бері науқастарды қолдау және ішкі аудит кабинеті жұмыс істеуде ( бұдан әрі - НҚ және ІА). НҚ және ІА Жетекшісі бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Дутбаева Гульнур Кажаевна. НҚ және ІА кабинеті емхананың бірінші қабатында тіркеу бөлімінің касында орналасқан. НҚ және ІА кабинетінде сарапшы дәрігерлер: Қалитов Марат Кыдышевич және Дутбаева Гульнур Кажаевна жұмыс істейді. Науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі науқастардың шағым өтініштерін жедел шешу үшін "осында және қазір" қағидасын ұстана отырып, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және жүйелі талдау жүргізу үшін құрылған.
НҚ және ІА кабинетінің жұмыс тізбегі:
1. сенім телефондары арқылы және көпшілікке қолжетімді орындарындан сонымен қатар тіркеу бөлімінен ақпарат жинау.
2. "осында және қазір" қағидасы бойынша келіп тускен өтінішке жедел ден қою, шешу.
3.Ай сайынғы медициналық құжаттаманы рәсімдеуді іріктеу және сапасын талдау
4. Азаматтардың бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының қабылдауында болуы, науқастармен әлеуметтік желілер және сенім телефондары арқылы тұрақты қарым-қатынаста болу.
5. Науқастардың қанағаттану деңгейін және медициналық көмек көрсетудегі ақауларды анықтау мақсатында тоқсан сайын сауалнама өткізу.
НҚ және ІА жетекшісі Калибекова Гульнара Заркынбековна , телефон нөмірі: 8(727) 373-28-31;
НҚ және ІА кабинетінің телефон нөмірі: 8(727)238-23-07
халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және халықтың әр түрлі мәселелері бойынша емханада қоғамдық қабылдау бөлмесі +7(727) 385-29-38 жұмыс жасайды
емханада науқастардың өтініштері мен медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы жұмыс атқарады +7(727) 222-02-10; +7(727) 373-28-40, Call-орталық 1 қабатта тіркеу орнының қасында орналасқан, оператор барлық келіп түскен қонырауларға жауап береді. Қойылған сауалға оператор тарапынан жауап беру қиындаған жағдайда қоңырау бас дәрігердің орынбасарына, сарапшы дәрігерлерге немесе құрылымдық бөлім меңгерушілеріне хабарланады. Жауап "кері байланыс" түрінде 1 сағат көлемінде қайтарылынады.
жанжалды жағдайларды Болдырмау үшін:
- КМК ШЖҚ "№10 Қалалық емханасының" сайты– gp10almaty.kz
- электрондық почта e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- жеке (заңды) тұлғалардың өтініші салынатын жәшік орнатылған
- " жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналы жургізілуде
- медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында КазМУНО көшпелі циклдер ұйымдастырылады;
- учаскелік қызметті 100% жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде;
- халықпен кездесулер, "ашық есік күндерін" өткізу және кешенді медициналық тексеру жургізу
Науқастарды қолдау кызметі объективтілік және ашықтық қағидасын сақтай отырып, науқастардың медициналық кызмет көрсету сапасына байланысты жазбаша өтініштері мен сауалдарына жауап береді:
• Ауызша өтініш НҚ және ІА қызметінің жетекшісімен және сарапшы дәрігерлермен қарастырылады
• Жазбаша өтініш емхананың тіркеу бөліміндегі журналға жазылады
• Жазбаша өтініш арыз-шағымдар жәшігіне салынады.
• Жазбаша өтініш №10 Қалалық емхана бас дәрігерінің атына жазылады
• НҚ және ІА қызметі және call-орталығы телефондары арқылы : +7 (727) 222-02-10, + (727) 373-28-40, +7 (727) 238-23-07.
НҚ және ІА қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде қарап шешім қабылдайды, қабылданған шешім сіз қалдырған координаттар бойынша сіге хабарланады. Сіздің қалауыңызбен ақпарат құпия болып қалуын қамтамасыз етеді.