Алматы қ. №10 қалалық емханасының медицина қызметкерінің
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
I. Жалпы ережелер
II. Медициналық қызметкер және қоғам
III. Медициналық қызметкер және пациент
IV. Медицина қызмсеткерлерінің алқалылығы
V. Дәрігерлік құпия
VI. Этикалық кодекс әрекеттерінің шектері, оны қайта қарау тәртібі мен бұзылғаны үшін жауапкершілік
I. Жалпы ережелер
1. Медицина қызметкерінің әдеп кодексі (бұдын әрі – Кодекс) медицина қызметкері лауазымдық міндеттерін орындау кезінде басшылыққа алу ұсынылған этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады.
2. Кодекстің ережелері «№10 қалалық емхана» ШЖҚ МКК барлық медицина қызметкерлеріне таралады.
II. Медицина қызметкері және қоғам
3. Медицина қызметкерінің кәсіби қызметінің басты мақсаты – адамның өмірін сақтау, аурулардың алдын алу мен денсаулықты қалпына келтіру, сондай-аө жазылмайтын аурулар кезінде қиналуды азайту. Медицина қызметкері өз міндеттерін Гиппократ антын, адамгершілік пен қайырымдылықты басшылыққа ала отырып, орындайды.
4. Медицина қызметкері жүйелі түрде кәсіби жетілу мақсатында өз шешімдері мен іс-әрекеттері үшін толықтай жауапты болады.
5. Медицина қызметкері жұмысында өзіне белгілі және қолдануға рұқсат етілген медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануға тиісті.
6. Материалдық, жеке басының мүдделері медицина қызметкерінің кәсіби шешім қабылдауына әсер етпеуі қажет.
7. Медицина қызметкері дәрілік препараттарды дайындаушы фирмалар мен таратушылардан олар ұсынған дәрі-дәрмекті тағайындағаны үшін сыйлықтар қабылдауға құқылы емес.
8. Медицина қызметкері дәрі-дәрмек тағайындау кезінде тек науқастың мүддесі үшін және көрсетілімдерін қатаң түрде басшылыққа алуы қажет.
9. Медицина қызметкері жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарастарына, азаматтығы мен басқа да медициналық емес факторларға, соның қатарында материалдық жағдайына қарамастан, көмек қажет болған кез келген адамға медицинпалық көмек көрсетуге тиісті.
10. Медицина қызметкері жұмыс істейтін мекемеге қатысты өзіне жүктеген міндеттемелерді адал орындауға міндетті.
11. Студенттер мен жас мамандарды оқытатын медицина қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқарудағы мінез-құлқымен, қарым-қатынасымен еліктуге тұрарлық үлгі бола білуі қажет.
12. Медицина қызметкері қолжетімді құралдар (газеттер, журналдар, радио, теледидар, әңгімелесу және т.б.) арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, қоғамдық және кәсіби этикалық нормаларды сақтауда үлгі болуға міндетті.
13. Медицина қызметкері кәсіптік тәуелсіздігімен үйлесімді болатын, медицина қызметкерінің намысына тимейтін және пациенттер мен оның кәсіби қызметіне зиян келтірмейтін кез келген қызметпен айналыса алады.
14. Медицина қызметкерінің жекеменшік қызметпен айналысу құқығы заңмен реттеледі.
15. Медицина қызметкеріне жүктелген адамгершілік мақсаттар оның еке ар-ожданының заңмен қорғалуын, кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жеткілікті материалдық қамтамасыз ету мен жағдайлар жасауды талап етуге негіздеме болады.
16. Медицина қызметкері наразылықтың ұйымдық нысандарына қатысу кезінде өзінің бақылауындағы пациенттерді қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндеттерінен босатылмайды.
17. Медициналық әдептің сақталуын бақылауды медицина қызметкерінің тікелей басшысы жүзеге асырады.
III. Медицина қызметкері мен пациент
18. Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмек сапасы үшін жауапты болады. Ол өз міндетін атқаруда қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) науқастың мүддесін ескеру арқылы нақты жағдайларда барынша тиімді болып табылатын, сырқаттың ерекшеліктерін ескере отырып, жарлықтар шеңберінде алдын алу, диагностика мен емдеу әдістерін басшылыққа алуға міндетті. Медицина қызметкері қажетінше өз әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.
19. Медицина қызметкері көрсетілетін көмек сапасы жоғары деңгейде болуы үшін бар күш-жігерін салуға тиісті.
20. Медицина қызметкері пациентті қисынсыз қауіптерге итермелеуге, өзінің білімін ізгілікті емес мақсаттарға падалануға құқылы емес. Медицина қызметкері емдеудің кез келген әдісін таңдауда ең алдымен, «Зиян келтірме!» қағидасы негізге алуы тиіс.
21. Медицина қызметкері науқастың жағдайын қиындатпайтын іс-шаралар қабылдауға тиісті шұғыл көмек жағдайларынан басқа кезде, егер, пациентпен арада тиісті өзара сенім болмаса, егер, емдеу мүмкіндіктерін пайдалануға қажетті құзыретінің жеткіліксіз болуын сезетін болса науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері ол туралы тікелей басшысына хабарлауы мен науқасқа құзыретті маманды ұсынуы үшін іс-шара қабылдауға міндетті.
22. Медицина қызметкері пациенттің емдеуші дәрігерді таңдау, емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу туралы шешімдер қаылдауға қатысу құқығын құрметтеуі қажет. Медицина қызметкері пациенттің емдеуге еркіті келісім науқаспен жеке сөйлесу кезінде алады.
Мұндай келісім саналы түрде болуы тиіс, науқасқа міндетті түрде емдеу әдістері туралы, оларды қолдану салдары туралы, сонымен қатар, болуы мүмкін асқынулар мен басқа да барабар емдеу әдістері туралы ақпарат берілуі қажет. Пациенттің келісімінсіз емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу тек пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайлар мен оның жағдаятты барабар бағалауына қабілетсіздігі кезінде ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда шешім қабылдау алқалы болғаны дұрыс. Психикалық аурулары бар тұлғаларды емдеу кезінде медицина қызметкері Қазақстан Республикасының психиатриялық көмек көрсету және азаматтарға мұндай көмек көрсету кезіндегі құқытарының кепілдіктері туралы заңнаманы басшылыққа алуға міндетті. Медицина қызметкері баланы емдеу кезінде оның ата-аналары мен қамқоршысына толық ақпарат беріп, емдеу әдісін немесе дәрілік құралдарды пайдалануға келісімін алуы керек.
23. Медицина қызметкері пациенттің абыройы мен ар-намысын құрметтеуі, оған мейірімділікпен қарауы, оның жеке құпия сақтау құқығын құрметтеуі, туыстары мен жақындарының науқастың жағдайына алаңдаушылығын қабылдауы қажет. Сонымен бірге кәсіби себептері болмаған жағдайда пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы қажет.
24. Медицина қызметкері пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын міндеттеуге құқылы емес. Дәрігердің жеке түсініктері мен өзге де кәсіби уәждемелері диагностика мен емдеуге әсер етпеуі тиіс.
25. Егер, пациент саналы түрде өзінің келісімін білдіруге қабілетті болмаса, оны пациенттің заңды өкілі немесе тұрақты қамқоршысы болып табылатын тұлға білдіреді.
26. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тартуға немесе оның денсаулығы туралы хабарлауға болатын тұлғаны ұсынуға құқылы. Егер пациентке зиян келтіруі ықтимал дәлелді негіздемелер болған жағдайларда ақпаратты жасыруға болады. Дегенмен, медицина қызметкері пациенттің анық білдірген талабы боынша оған толық ақпарат беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам жасалғанда оны барынша абайлап, өмірінің ұзақ болатынына, нәтижесінің дұрыс болатынына үміт бере отырып хабарлау қажет.
27. Пациенттің ықыласы бойынша медицина қзметкері басқа медицина қызметкерінен кеңес алу құқығына шектеу қоймауға міндетті.
28. Медицина қызметкері келесі жағдайларда басқа маманға жүктеу арқылы пациентпен жұмыс істеуден бас тарта алады:
- егер, өзін құзыретті сезінбетін болса, тиісті көмек көрсетуге қажетті техникалық мүмкіндіктері болмаса;
- медициналық көмектің осы түрі дәрігердің адамгершілік қағидаттарына қайша келетін болса;
- дәрігер пациентпен терапиялық серіктестік орната алмаған жағдайда.
29. медицина қызметкерінің науқаспен қарым-қатынас жасауда өзін-өзі жарнамалауына жол берілмейді.
30. Емдеу үдерісінде қателік жібергенде немесе күтпеген асқынулар болған жағдайда медицина қызметкері ол туралы науқасқа, тікелей басшысына хабарлауға және жедел зиян келтіру салдарын түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге кірісуге міндетті.
31. Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттері дәрігердің лақап аты қолданылмай және тағайындалған лауазымы, дәрежесі, атағы көрсетілмей, тек өзінің аты-жөнін жазу арқылы жүзеге асырылады.
IV. Медицина қызметкерлерінің алқалылығы
32. Медицина қызметкері өмір бойы кәсіпқойлығын үйреткен тұлғаға құрметі мен ризашылық сезімін сақтауы тиіс.
33. Медицина қызметкері медицина қауымдастығының абыройы мен игілікті дәстүрлерін сақтауға міндетті. Медицина қызметкері бір-біріне құрметпен және изгілікпен қарауы тиіс.
34. Медицина қызметкері жариялы түрде басқа медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігіне күмән келтіруге немесе басқаша беделін түсіруге құқылы емес.
35. Тәжірибелі медицина қызметкерлері клиникалық ауыр жағдаяттарда тәжірибесі аз әріптестеріне сыпайы түрде кеңес беріп, көмек көрсетуі қажет. Емдеуші дәрігерге емдеу үдерісінің жауапкершілігі толығымен жүктеледі. Ол әріптестерінің ұсыныстарын қабылдайды немесе науқастың мүддесін басшылыққа ала отырып, одан бас тарта алады.
36. Денсаулық сақтау мекемелерінің басшы-әрігерлері қол астындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруыны қамқорлық жасауы қажет.
37. Медицина қызметкерлері мекеменің басқа медицина қызметкері мен көмекші персоналға біліктілігін арттыруға ықпал етуге және құрметпен қарауға міндетті.
V. Дәрігерлік құпия
38. Әрбір пациент жеке құпиясының сақталуына құқылы және медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа да тұлғалармен қатар дәрігер де науқастың қалауымен медициналық көмекке жүгіну дерегін, сондай-ақ пациент қайтыс болғаннан кейін де дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
39. Құпия науқастың емделуі мен қаралуы үдерісінде алынған барлық мәліметтерге таралады (диагноз, емдеу әдістері, болжамдар және т.б.).
40. Пациент туралы медициналық ақпаратты келесі жағдайда ашуға болады:
- пациенттің жазбаша түрде білдірген анық келісімі бойынша;
- тергеу, тексеру, прокуратура мен сот органдарының негізді талап етуі бойынша;
- егер, құпияны сақтау пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін болса (қауіпті жұқпалы аурулар);
- ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылатын басқа мамандарды емдеуге тарту жағдайында.
41. Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалардың да кәсіби құпияны сақтауын қадағалауы тиіс.
42. Медициналық ақпарат алуға құқығы бар тұлғалар пациент туралы алынған мәліметтердің барлығын құпия сақтауға міндетті.
43. Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту мен дәрігерлердің білімін жетілдіру үдерісінде дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету тек оның келісімімен жүзеге асырылады.
VI. Этикалық кодекстердің қолданылуы, қайта қарау тәртібі және бұзылғаны үшін жауапкершілік
44. Дәрігердің бірінші төрешісі – жек басының ұяты. Екіншісі – дәрігерлік қауымдастық тұлғасындағы медициналық қоғамдастық. Ол бұзушы тұлғаға өзінің жарғысы мен өзге де құжаттарға сәйкес жаза тағаындауға құқылы.
45. Егер, әдеп нормаларын бұзу бірден Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама ережелерін де қозғайтын болса, медицина қызметкері заң жүзінде жауапқа тартылады.
46. Қызметкер өзінің мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің алдында талқыланатынын түсінуі қажет.
VI. Әдеп кодексін қайта қарау және түсініктеме беру.
47. Әдеп кодексін қайта қарау мен оның ережелеріне түсініктеме беру құқығы «№10 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Этикалық комиссиясына тиесілі.
48. Кодексті қайта қарау тәртібі «№10 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Этикалық комиссиясының шешімімен анықталады.
49. Нақты жағдаяттарда Кодекстің қандай да бір ережелерін әртүрлі түсіндіруге болатыны анықталады. Мұндай жағдайда комиссия өзінің түсіндірмесін этикалық комитеттің немесе конференцияның шешімімен ресімдейді. Түсіндірме оны Этикалық кодекске толықтыру ретінде бекіткеннен кейін заңды күшіне енеді.