Тәуелсіздік күні

There is no translation available.

Ата заңым ­­– айбыным !

Мемлекетіміздің негізгі заңы – Конституциямыздың бекітілуімен тәуелсіз еліміздің түбегейлілігі бекіді. Дербес босағамыз нықтап орнығып, заңмен тірегі өрілген мықты елдің рухты болашағы айқындалды.

Осындай Ата Заң біздің  елімізде  де,  яғни Қазақстан  Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту  барысында  қабылданды.

Ата Заңымыздың қабылдануында  толыққанды жеке мемлекет болып құрылудың сара жолының түйіні шешілді.  Ата Заңы арқылы саяси, экономикалық жүйелер орнықты. Халықтың нығаюына қатысты әлемдік танымға шығу барысында маңызды істер атқарылды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясы жаңа бастауларға  жол ашты. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзінің  демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік  мемлекет екенін Ата Заңы  арқылы да бүкіл әлемге  танытты..

Тәуелсіз Конституциямыз ұлттық мүддені жоғары қойып, мемлекетті ары қарай жаңа тұрғыда дамуына құлшына кірісті. Республика қызметтерінің негізгі алғы бастамалары қоғамдық татулықты сақтап, халықтың игілігін көздейтін мәселелер бірінші болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Тәуелсіз халықты толыққанды дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтын құқықты мемлекет. «Тәуелсіздік»  еліміздің ең қымбат қазынасы, ең құдіретті  сөзі. Өзінің  белгіленген  шекарасы, діні мен  тілі,  мемлекеттік  рәміздері мен  ұлттық  құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі  бар тәуелсіз ел болып келеді.

Бүгін міне, тәуелсіздіктің 29 жылдығы қарсаңында, Алматы  қаласы           

«№10 Қалалық емхана» коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорны мерекелік  көңіл күймен атап өтті.  Емхана қызметкерлері  таңертеңгілік жұмысқа келген кезден бастап, еліміздің әнұранын  айтып  мерекелік  көңіл – күйде  жұмыстарын бастады. Емхана қызметкерлері алдағы уақытта таңертеңгілік кезде күнделікті жұмысты әнұран әнімен  бастауға бастама жасады. Әр бөлім меңгерушілері, дәрігерлер, медбикелер  мерекелік іс-шара өткізді. Бөлімнің дәрігерлері қолдарына көк туымызды ұстап, «Атамекен» әнімен бастап ашты. Емхана директоры  Калибекова Г.З.  құттықтау сөз сөйледі.  Тәуелсіздік  күніне байланысты бейне  таспадан суреттер көрсетілді. Осы мерекелік іс-шарада директор Калибекова Г.З. емханадағы белсенді, еңбекқор дәрігер  мамандарына  марапаттау қағазын беріп тапсырды.  Іс-шара соңында  мекекелік  көңіл күймен  тілек сөздерін айтты.

Тәуелсіз еліміз жасай берсін, рухымыз асқақтап, алар асқарлы белестеріміз көп болсын  деп айақталды іс-шаралар. 

 

WhatsApp Image 2024-08-29 at 15.52.29.jpeg                             WhatsApp Image 2024-08-29 at 15.52.28 (1).jpegWhatsApp Image 2024-08-29 at 15.52.28 (2).jpeg

WhatsApp Image 2024-08-29 at 15.52.28.jpeg