Қыркүйектің 25-інен бастап 10 қалалық емханадатұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.
Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар жатады.
Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.
Дәрігерлер тұмау асқыну мен өлім қатеріне байланысты қауіпті екенін еске салады. Егер кейбір адам тұмаумен ауырғанда, бірнеше күн ғана қиналса, тұмау нәрестеге, қарт адамға және иммунитеті әлсіреген адамға жұқса, оларда ауру қатты асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Вакцинация тұмаудың алдын алудың және ауыр асқынудың қаупін азайтудың ең жақсы әдісі болып қала береді (ауру жұққанның өзінде де).
Тұмаудың алдын алу үшін адамдар көп жиналатын жерге баруды шектеу және үй-жайды үнемі желдету ұсынылады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше, ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн. Егер тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.