Медициналық сақтандыру - денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады.Маусым айының 7 күні №10 қалалық емхананың МӘМС бойынша жұмысшы тобы Әуезов ауданына қарасты «Тигрохауд» сауда орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары туралы іс-шара өткізді.
Негізінде медициналық сақтандырудың 2 түрі бар. Олар – міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты – міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілделінген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асады.
Халық арасында МӘМС енгізу бойынша түсіндіру жұмысы шеңберінде 500 дана көлемінде мемлекеттік және орыс тілінде ақпараттық буклеттер таратылды.