Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды

Бүгін, яғни 2018 жылы 26 қараша күніАлматы қаласы №10 Қалалық емхана қызметкерлері арасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынсаралау мақсатында жиын өтті.

 

Емхана директоры Тоқмолданова Роза Оразбайқызы сөз бастап, жалпы мақаланың негізгі жеті бөліміне назар аударды, маңызы мол құжаттың дер кезінде жарияланғанын, басты мақсат-төл тарихын бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеу екендігін айтты.

 

Талқылау барысында емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Д.Ә.Жұмагелдин және әйелдерге кеңес бөлімінің меңгерушісі С.Д. Бабаджанова баяндама жасады.

 

Емхана қызметкерлері бірауыздан«Біз өткен тарихымызды білуге тиіспіз, ол ата-бабамыздың жүріп өткен даңқты жолы. Президентіміздің мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үйлесімді жалғасы ретінде Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзінің айшықты орнын алады» деген шешімге келді.