"Денсаулық жолы" Ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 18 шілдеде Әуезов ауданында орналасқан "Арыстан" базарында "Сау қаланың дені сау азаматтары" кең ауқымды акциясы өткізілді. Бұл іс-шара №10 қалалық емхананың, АТҚД, Алматы Онкология орталығының, ЖИТС алдын алу орталығының қызметкерлері ұйымдастырды.
Аталмыш шара барысында 472 адам тексеруден өтті, олардың ішінде сала мамандары қарады:
Кардиолог – 51 адам
Невропатолог – 49 адам
Жалпы тәжірибе дәрігер – 68 адам
ЖИТС алдын алу және күрес орталығы – 54 адам
Алматы онкология орталығы – 45 адам
Алматы қалалық тері-венерологиялық диспансер – 35 адам
Туберкулез диспансері – 41 адам
Профилактика бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері мен мейірбикелер – 49 адам
ФГ тексеру - 35 адам
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі 350 дана кқлемінде ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеп, таратты, сонымен қатар ДамуМед қосымшасын орнату мен қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сырқаттары бар пациенттерге ары қарай тексерілу мен емделу туралы кеңес берілді.
https://gp10almaty.kz/kz/about/allnews/380-sau-alany-deni-sau-azamattary-ke-au-ymdy-aktsiyasy-tti#sigProId02a7337ddf