Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады - мамандардың кеңесі

Қоршаған ортаның температурасы 35°С асуы, сол арқылы термореттеу механизмдерін бұзатын аптап ыстық ауа райы денсаулыққа қауіп төндіреді. Мұндай ыстық ауа райы нәтижесінде жағымсыз, тіпті өте қауіпті белгілер пайда болуы мүмкін. Күн өтуден қалай сақтануға болады және ыстықтан зардап шеккен адамға қалай көмек көрсету қажет? Ыстық өтудің ең қауіпті салдары – күн өту және ыстықтан әлсіреу. Ол ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда орын алады.

Аптап ыстық барлық адамдар үшін қауіпті, ең алдымен, қауіп топтарына жататын тұлғалардың жағдайын тексеру қажет, ондай адамдарға хабарласып, хал-жағдайың сұраған жөн.

Егде адамдар, жүкті әйелдер, жаңа туған нәрестелер, сәбилер, созылмалы аурулары (жүрек-қантамыр, несеп шығару жүйесі, тыныс алу ағзалары, зат алмасу бұзылыстары) бар тұлғалар, қимыл-қозғалысы шектеулі және ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғалар, дәрі-дәрмек қабылдайтын адамдар мен далада жұмыс істейтін және физикалық жаттығулармен айналысатын адамдар, сондай-ақ халықтың үйсіз-күйсіз немесе жағдайы төмен топтарындағы адамдарда ыстық өтіп ауыру қаупі жоғары болады.

Күн өтуден қалай қорғануға болады:

  1. Көбірек су ішу;
  2. Салқын немесе салқындату қондырғылары бар үй-жайларда жүру: сауда орындары немесе қоғамдық орталықтар, кітапхана;
  3. Ашық түсті, кең киім кию, жиегі үлкен қалпақтар, баскиімдер кию;
  4. Тікелей күн сәулесі түсетін жерлерде жүрмеу, қолшатыр ұстау немесе көлеңкелі жерде тұру;
  5. Тәуліктің салқын уақыттарында серуендеу, спортпен шұғылдану;
  6. Душ қабылдау немесе денені сулы сүлгімен сүрту;
  7. Үй-жайға күн сәулесі түспейтін етіп пердені немесе жалюзиді жабу;
  8. Аспісіретіни пеште дайындалатын ас мәзірін дайындамау (егер, үй-жайда кондиционер болмаса);
  9. Бөлмеге таза ауа кіргізу үшін желдеткішті терезенің алдына қойып қосыңыз.
  10. Егде адамдар мен балаларды тұрақта немесе күннің астында тұрған автокөлік ішінде қалдырмаңыз;
  11. Ішетін дәрілердің күн өту әсері туралы емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз. Күн ыстық кезінде әдетте қабылдайтын дәрі-дірмектен бас тартпаңыз. Ол үнемі жаныңызда болсын.
  12. Мұндай күндері жақындарыңыздың, жүкті әйелдердің, әсіресе, жалғызбасты қарттардың хал-жағдайың сұрауды ұмытпаңыздар. Оларға көбірек су ішу керектігін естеріне салыңыз;
  13. Ащы тағамдардан бас тартыңыз. Тұзды аз пайдаланыңыз. Кофе, ішімдік, газдалған сусындар жүрекке артық жүктеме салады.
  14. Жемістер мен көкөністерді жиі пайдаланыңыз. Оларды пайдалану алдында мұқият тазалап, жуу қажет.

Күн өту белгілері:

Бас айналу немесе талу;

Жүрек айну немесе құсу;

Бастың ауыруы;

Жиі тыныс алу мен жүректің жиі қағуы;

Қатты шөлдеу.

Осы аталған белгілер байқалса, салқын жерде отыру және жиі су ішу керек. Егер, осы белгілер басылмайтын болса, мекенжай бойынша емханаға хабарласу қажет (күндіз сағат 20.00 дейін).

 

Күн өткен адамға шұғыл медициналық көмек қажет, сондықтан ыстығы көтерілгенде, өз-өзіне келе алмаған кезде, тер бөліну тоқтағанда немесе талып қалғанда жедел жәрдем шақыру қажет.

Жедел жәрдем келгенге дейін:

шамаңыз келсе, зардап шеккен адамды салқын жерге жатқызыңыз;

денесіне немесе киімнің сыртынан салқын сумен компресс жасаңыз;

бетіне желпуішпен желпіңіз.  

Ыстықтан қалай қорғану қажет (егде адамдар үшін)

Жасы келген адамдардың ыстыққа шыдауы төмендейді: шөлдеу сезімі кеш пайда болады, тер бөліну реакциясы баяулайды, тер бөлу бездерінің саны азаяды. Сонымен бірге, қарт адамдар бірнеше дәріні қабылдайды және созылмалы (жүрек-қантамыр, несеп шығару жүйесінің, тыныс алу ағзаларының, зат алмасу бұзылыстары) сырқаттарымен ауырады. Со себепті қарт адамдар аптап ыстықта өздерінің денсаулықтарына айрықша көңіл бөлуі тиіс, қажет болса, жақындарының көмегін немесе әлеуметтік қызметтер мен дәрігерлердің қолдау көрсетуін қажет етеді.

Денсаулық жағдайын қадағалау, дұрыс киіну, салқын үй-жайларда немесе қолайлы табиғат аясында болу, дұрыс тамақтану мен жеткілікті мқлшерде су ішу маңызды!

Балалар:

Балалардың күн сәулесі тікелей түсетін ашық жерде болу уақытын азайту, саяхаттар мен жорықтар уақытын таңертеңгі немесе түскі мезгілге белгілеу және демалу үшін жиі аялдама жасау ұсынылады.

Балалардың суда шомылуын арнайы орындарда, шомылуды ұйымдастыру ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылсын.

Физикалық жүктемені күшейтумен байланысты іс-шаралар санын азайтуды көздеу (спорттық ойындар мен жарыстар).  

Демалыс орындары мен саяхаттау кезінде сапасы дұрыс (бөтелкеге құйылған) ауызсудың жеткілікті мөлшерде болуы қамтамасыз ету.

Сауықтыру мекемелерінде сұйық тағамды, соның қатарында шырындар, морс, ауызсу мөлшерін арттыру.

Балалардың тамақтануы ұйымдастыру кезінде ысталған, қуырылған, майлы және тез бұзылатын азық-түлік мөлшерін азайту.

Баланың киіміне көңіл бөлу, оның бас киімі немесе жеңіл панама, қолшатыр мен көзілдірік болуы қадағалау.

Сауықтыру мекемелерінде балаларға бару кезінде үйде дайындалған тағамдарды, тез бұзылатын шұжық өнімдерін, консервілер, газдалған тәтті сусындар, қуырылған картоп (чипс) апаруға болмайды. Қарапайы ауызсу (минералдық, ас суы) мен шырындарды ішу ұсынылады.  

Ыстық ауа райына шыдамайтын балалардың ата-аналары сауықтыру орындарының тәрбиешілеріне ол туралы ескертіп айтуы қажет.  

Үйде балалардың денесін сулы сүлгімен жиі сүрту қажет.  

Жүкті әйелдерге арналған бірнеше қарапайым кеңестер:

Салқындатқышты көп қосуға болмайды, аздап салқындау суық тию қаупін тудырады. Оның орнына ауаны ылғалдаушы құралды пайдаланған дұрыс.

Түс мезгілінде демалып алған дұрыс: жату, кітап оқу, ұйықтап алу. Күні бойы үй шаруасымен айналысу жүкті әйелдің шаршап қалуына әкеліп соғуы мүмкін.  

Алыс жолға шығу мүмкіндігінен бас тарту, егер, міндетті түрде бару қажет болса, кездесу немесе жол жүру уақытын таңғы салқынға жоспарлау қажет, такси шақыру кезінде кондиционері бар автокөлікке тапсырыс берген жөн.

Серуенге шыққанда ауызсу мен таза су құйылған кіші-гірім су бүріккіш алыңыз: бұл кез келген жағдайда салқындап алуға мүмкіндік береді.

Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Сулейманова Л.Е.