Емхана қызм еткерлері мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесті

12.04.18ж. №10 ШЖҚ МКК емхана қызметкерлері мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесуді емханада орналасқан №2 ЖДТ кафедрасының қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. 

Емханада тіркелген мүгедек балалар - 180, олардың 60% БЦС диагнозы бар.  

 

Ата-аналармен әңгімелесу барысында мұндай балалардың емхана деңгейінде кеңес алу, диагностикасы, зертханалық тексерулері туралы мәселелер қозғалды. Оларды оңалту, реабилитация, шипажайда емдеу, дәрілік қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. 

Емхана қызметкерлері ата-аналардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Кішкентай пациенттерге қызмет көрсетуге қатысты қорытынды жасалып, ұжымға БМСК жағдайларында мүгедек балаларға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында міндеттемелер жүктелді.