СКРИНИНГ – қауіп-қатер факторлары мен сырқаттарын ерте сатыларда анықтау үшін белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеру. Оны жүргізут емдеу тиімділігін арттыруға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Скринингтік тексеруге жатады:
• антропометриялық өлшеу (бойы, дене салмағы, белінің көлемі);
• қан қысымын өлшеу;
• 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы тұлғалардың көзінің қысымын өлшеу;
• 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы тұлғалардың қанындағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау;
• электрокардиография – көрсетілімдер бойынша;
• кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруі – көрсетілімдер бойынша.
• балаларда В және С созылмалы гепатиттерінің маркерлеріне қанды талдау – қауіпті топтар.
Бұл тексерулер жүрек-қантамыр ауруларын, қант диабетін, глаукома мен олардың қауіпті факторларын, сондай-ақ гепатиттерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ерте сатыда анықтау аталған сырқаттарды жеңіл емдеуге және инсульт, инфаркт, соқырлық, цирроз және бауыр рагы сияқты асқынулардың алдын алуға ықпал етеді. Рактың пайда болуына фқпал ететін патологиялық өзгерістерді, сондай-ақ ерте даму сатысындағы ісіктерді анықтау үшін:
• 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер патологиялық өзгерістерді анықтау үшін жатыр мойыншасынан жұғындыны цитологиялық зерттеуден өтуі қажет;
• акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия – көрсетілімдер бойынша;
• 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдер сүт безін рентгенологиялық зерттеу (маммография);
• маммологтың, онкологтың тексеруі – көрсетілімдер бойынша;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер:
• тоқішек пен тікішек ауруларын ерте анықтау үшін нәжісті жасырын қанға тексеру;
• хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, тоқішек пен тікішекті эндоскопиялық зерттеу – көрсетілімдер бойынша;
Жаппай медициналық тексеру жүргізілетін елдерде жатыр мойыншасының рагы, сүт безінің рагы мен тоқішек ісіктерінен өлім-жітім көрсеткіштері күрт төмендеген.
Қазақстанда скрининг Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енгізілген. Скрининг өзіңіз тіркелген медицина ұйымдарында жүргізіледі.
Егер, скринингтік тексеруге шақырылған болсаңыз, міндетті түрде тексеруден өтіңіз!
2. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН өтуі тиіс, балалар – педиатрдың, сала мамандарының тексеруінен өтіп, талдауға қан және несеп тапсырады, аспаптық тексеруден өтеді; ересек адамдар – терапевтте қаралады, әйелдер – гинекологиялық, кеуде қуысын флюроографиялық тексеруден өтеді, талдауға қан, нәжіс тапсырады, сала мамандарына қаралады – көрсетілімдер бойынша.
3. Егер, ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕ тұрсаңыз, созылмалы сырқат түрлері болса – міндетті түрде дәрігерге қаралып, оның ұсыныстарын міндетті түрде орындау қажет!