Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай Ашық есіктер күні өтті

07.12.2017 жылы №10 емханада Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған Ашық ескітер күні өткізілді. Емханаға келушілер педиатрдың, ЖТД, балалар мен ересектер невропатолог дәрігердің кеңесін алды. С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті кафедрасының қызметкерлері осы аталған іс-шараға белсене араласты.