№10 қалалық емхана жанындағы әйелдер консультациясы тұрғындарға қызмет көрсету сапасы айлығын жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты кафедрасының доценті Тамара Мұратқызы Әлиева "Акушериядағы КТГ" тақырыбында шеберлік-сабағын өткізді. Барлық акушер-гинеколог дәрігерлердің жоғары технологиялық зерттеу әдістерін меңгергені ескерілді және тренинг жоғары дәрежеде өтті. КТК жүргізу әдістері, перинаталдық өлім-жітімнің алдын алу, ұрықтың жатырішілік ахуалын анықтау, ұрықтың КТК қателіктері мен мәліметтерді талдау, ұрық патологиясы диагностикасының инвазиялық әдістері талқыланып, пікір алмасу жүргізілді. Шеберлік-сабағының соңында ЭКСПО-2017 туралы слайдтар мен бейнеролик көрсетілді.
{gallery}Новость_23-2.05.2017{/gallery}