Онкүндік кезінде 2631 адам (844 бала) қатысты.
Тыныс демікпесінің алдын алу бойынша қызметкерлерге арналған онкүндікке 115 адам қатысты.
Емханада 1 мамыр күні ЖТД сала мамандарын, пульмонолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы Ашық есіктер күні өткізілді. Бұл шара барысында тыныс алудың ең жоғарғы жылдамдығын, холестерин мен глюкоза деңгейін, физикалық өлшемдерді , қауіп дәрежесін бағалау үшін адамның дене салмағының индексін анықтау процедуралары жүзеге асырылды. Барлығы 44 адам қамтылды, ересек пульмонолог дәрігер - 18 адамды, балалар пульмонолог дәрігері - 12 адамды, психолог - 14 адамды қабылдады.
5 мамырда Астма мектебі "Тыныс демікпесі деген не?" тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, оған 18 адам қатысты.
Мектептерде мұғалімдер үшін тыныс демікпесінің алдын алу бойынша дәрістер оқылды, барлығы 480 адам қатысты.
Учаскелік дәрігерлер тұрғындар арасында дәрістер оқыды - 324 адам, әңгімелесті - 298 адам.
5 мамырда жастар арасында "Шылым шегі қымбат және қауіпті әдет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға 25 адам қатысты.
5 мамырда №132 мектепте жасөспірімдер арасында "Денсаулық жарнамасы" флэш-моб ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту, тыныс демікпесінің алдын алу және қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторлары. Барлығы 35 адам қатысты.
Емхана қызметкерлері арасында "Біздің сап" ұранымен сауықтыру гимнастикасы өтті. Барлығы 45 адам қатысты. Санитариялық бюллетеньдер шығарылды, ақпараттық материалдар, буклеттер, парақшалар таратылды.
{gallery}Новость_23.05.2017{/gallery}