×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/gp10almaty.kz/httpdocs/images/Новость_17.05.2017
×

Внимание

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/Новость_17.05.2017

Акушерлер жүкті әйелдермен бірлесе МӘМС жүйесі мен ЭКСПО-2017 тақырыптарына флешмоб өткізді

№10 қалалық емхананың әйелдер консультациясында 17.05.2017 ж. акушер-гинекологтар, акушерлер жүкті әйелдермен бірлесе отырып МӘМС жүйесі мен ЭКСПО-2017 тақырыптарына флешмоб ұйымдастырды. Босануға психологиялық-профилактикалық даярлық туралы дәріс оқылды, жүкті әйелдерге жүктілік ағымы, босану кезіндегі іс-әрекет ережелер туралы түсіндірме жұмысы атқарылды. Сонымен бірге жүктілік кезінде қауіпті белгілер туралы әңгіме қозғалып, босанудың басталу белгілері, босану кезіндегі серіктестік, толғақ және баланы босану кезінде өзін-өзі ұстау ережелері де талқыланды. 

Жүкті әйелдер тарапынан ЭКСПО-2017 шарасын қолдау мақсатында "Болашақ аналар болашақ қуатын қолдаймыз" ұранымен флешмоб өткізді және МӘМС қажеттілігі туралы жүкті әйелдерді хабардар ету мен олардың әлеуметтік мәртебесін анықтау мақсатында ойын түрінде көрініс қойылды. 

 

{gallery}Новость_17.05.2017{/gallery}