Қазақстанда еркін тіркелу бойынша кампаниясының жұмысы басталды

Прикрепление к поликлинике


Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаған болса, не істеу керек:

Өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді анықтау қажет!

Егер, Сіз жұмыссыз болсаңыз және жұмыссыздық бойынша есепке алыну қажет болса, Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет  көрсету орталығына немесе тұрғылықты мекенжай бойынша ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет болады. 

Егер, Сіз бейресми экономика секторында (жеке тасымалдаушы, құрылысшы, қызмет көрсету, сауда және т.б.) жұмыс істейтін болсаңыз, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз қажет. Мұндай жағдайда ЖК ретінде жарна төлейтін боласыз. ол үшін тұрғылықты мекенжай бойынша салық органына жүгіну қажет. 

Егер, Сіздің табысыңыз жылына 12 АЕК кем болса, өзін-өзі өнімсіз қамтушы ретінде жарна төлейсіз. Өнімсіз өзін-өзі қамтушы ретінде тіркелу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына және тұғылықты мекенжай бойынша ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет болады. 

Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз МӘМС жүйесінде  медициналық көмек көрсетуге қажетті жарналар мен аударым көлемін белгілеу үшін  анықталуы тиіс.