Әкімшілік

Директор

Роза Оразбайқызы Токмолданова

Токмолданова Роза Оразбайқызы 1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы боынша бітірді.

1988 жылы облыстық балалар ауруханасының базасында «педиатрия» мамандығы бойынша бір жылдық интернатураға қабылданған.

1990 жылы интернатураны бітірді.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №4 балалар емханасында учаскелік педиатр дәрігер болды. Сол жерде 2001 жылғы 20 ақпанға дейін еңбек етті.

20.02.2001 ж. педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды, 2004 жылғы 18 тамыздан бастап реабилитация бөлімшесінің меңгерушісі.

2006 жылы бас дәрігердің педиатрия бойынша орынбасары болды.

03.05.2007 жылы бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстырылды.

11.01.2013 жылы бас дәрігердің міндетін атқарушысы қызметіне тағайындалды.

03.06.2013 жылы №4 қалалық балалар емханасына бас дәрігер болып тағайындалды.

14.07.2015 жылы Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылғы 14 шілдедегі №34-ж бұйрығына сәйкес «№10 қалалық емхана ШЖҚ МКК директоры қызметіне ауыстырылды.

Жұмыс істеген жылдары ішінде өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсете білді. Жұмыс барысында емхананың медициналық персоналының кәсіби деңгейін көтеруге көп уақыт бөледі.

Жоғары ұйымдастырушылық және кәсіптік қасиетіне ие. Қызметтік міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарайды. Өзіне және қызметтестеріне талап қоя білетін маман.

Р.У. Токмолданова науқастар мен емхана қызметкерлеріне деген мейірімді және зиялы қарым-қатынасымен ерекшеленеді және олардың арасында зор беделге ие.

Басшы және дәрігер ретінде үнемі мамандану, білімін жетілдіру курстарында білім алу, мерзімді медициналық жарияланымдарды, монографияларды оқу арқылы өзінің кәсіптік білімін арттырып отырады. Дәрігерлік конференцияларда баяндамалар жасайды. Ғылыми-тәжірибелік коенференцияларға белсенді түрде қатысады, жоғары санатты денсаулық сақтау ұымдастырушысы мен білікті дәрігер педиатр болып табылады.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» орденінің, ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасының, қоғамдық ұйымдар мен әкімдіктің алғыс хаттарының иегері.

Директордың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары

Ләйлә Есболқызы Сүлейманова

 

Директордың әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы бойынша міндеттер жүктелген емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары

 

Бас дәрігердің босандыру жөніндегі орынбасары

Гүлнар Зарқынбекқызы Қалибекова

 

Гүлнар Зарқынбекқызы Қалибекова 1999 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы акушерия-гинекология мамандығы бойынша интернатураны бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы қалалық перинатальды орталығында акушер-гинеколог дәрігері қызметінен бастаған. 2009 жылдан 2011 жылға дейін №20 ҚЕ Әйелдер консультациясының меңгерушісі қызметін, 2011 жылы №20 ҚЕ бас дәрігерінің орынбасары лауазымын атқарған. 2016 жылы №10 қалалық емханада сарапшы дәрігер, пациенттердің қолдау қызметінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылғы 03 наурыздан бастап бас дәрігердің босандыру және балалық жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылған.

Бас мейірбике

Гүлнар Сайлауқызы Қожақанова

Қожақановаа Гүлнар Сайлауовна 1965 жылы 03 маусымда Жамбыл облысының Мерке ауданы Кеңес ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы облысының Талғар медицина училищесін «мейірбике» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын №6 қалалық емханасында емшара кабинетінде мейірбике лауазымында бастап, 02.10.1991 жылға дейін учаскелік мейірбике қызметін атқарды.  

02.10.1991ж. №4 балалар емханасында учаскелік мейірбике қызметін атқарды, 2011 жылғы 15 тамызда емхананың бас мейірбикесі лауазымына ауыстырылып, 2016 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.

12.01.2016 ж. Алматы қ. «№10 қалалық емхана» ШЖҚ МКК бас мейірбикесі лауазымына қабылданды.

Жұмыс істеген жылдары өзін сауатты, білікті маман ретінде көрсете білді. Жоғары біліктілік қасиеттеріне ие. Қызметтік міндеттерін жауакершілікпен атқарады, өзіне және қоршаған ортаға талап қоя білетін маман.  

Г.С. Қожақанова науқастар мен емхана қызметкерлерге қатысты мейірімді және зиялы қарым-қатынасымен ерекшеленеді, олардың арасында беделі зор.

Мейірбике ретінде өзінің кәсіби деңгейін арттырып отырады. Жоғары санатты мейірбике болып табылады. Г.С. Қожақановаа №10 ҚЕ ШЖҚ МКК әкімшілігі, аудандық әкімдік, «Нұр Отан» филиалы атынан бірнеше рет грамотасымен марапатталған.