Қасиетті оразада №10 қалалық емхананың клиникалық зерттеу бөлімінің ұжымы «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.
Акция барысында қызметкерлер азық-түлік қоржындарын жинап, оларды бөлімнің тазалық қызметкерлері мен кіші медициналық персоналына табыстады. Ұжым бұл бастаманы «Шын жүректен» челленджі аясында жалғастырып, қайырымдылық эстафетасын №4 қалалық емхана ұжымына жолдады.
Бүгін №10 қалалық емханада жоспарлы жұмыс жиналысы өтті.
Жиынға директор мен оның орынбасарлары, аға координаторлар, бөлім меңгерушілері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, бейінді мамандар, педиатрлар, акушер-гинекологтар, МРП қызметкерлері және мейіргерлер қатысты.Жиналыс барысында емхананың қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Сарапшылар тобы 2025–2026 жылдардың ақпан айындағы пациенттердің өтініштері бойынша жүргізілген мониторинг қорытындыларын таныстырып, биылғы жылдың қаңтар–ақпан айларында анықталған кемшіліктерге талдау жасады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айындағы скринингтік тексерулердің орындалу барысы жөнінде ақпарат берілді. Жиын қорытындысында атқарылған жұмыстар сараланып, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған алдағы міндеттер белгіленді.
Қасиетті оразада №10 қалалық емхананың клиникалық зерттеу бөлімінің ұжымы «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.
Акция барысында қызметкерлер азық-түлік қоржындарын жинап, оларды бөлімнің тазалық қызметкерлері мен кіші медициналық персоналына табыстады. Ұжым бұл бастаманы «Шын жүректен» челленджі аясында жалғастырып, қайырымдылық эстафетасын №4 қалалық емхана ұжымына жолдады.
Бүгін №10 қалалық емханада жоспарлы жұмыс жиналысы өтті. Жиынға директор мен оның орынбасарлары, аға координаторлар, бөлім меңгерушілері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, бейінді мамандар, педиатрлар, акушер-гинекологтар, МРП қызметкерлері және мейіргерлер қатысты.
Жиналыс барысында емхананың қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Сарапшылар тобы 2025–2026 жылдардың ақпан айындағы пациенттердің өтініштері бойынша жүргізілген мониторинг қорытындыларын таныстырып, биылғы жылдың қаңтар–ақпан айларында анықталған кемшіліктерге талдау жасады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айындағы скринингтік тексерулердің орындалу барысы жөнінде ақпарат берілді. Жиын қорытындысында атқарылған жұмыстар сараланып, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған алдағы міндеттер белгіленді.
Туберкулездің алдын алу – басты назарда
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында психологтар мен студенттер бірлесіп, қоғам назарын туберкулездің алдын алу мәселесіне аудару мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Іс-шара барысында тұрғындарға аурудың алдын алу жолдары, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы және уақытылы медициналық тексеруден өтудің қажеттілігі түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, дер кезінде тексеріліп, профилактикалық шараларды сақтау – туберкулездің таралуын азайтудың маңызды қадамы. Флешмобтың басты мақсаты – халықтың денсаулық мәдениетін арттырып, аурудың алдын алу туралы ақпараттандыру.
Күнделікті күйбең тіршілікте эмоционалдық күйзелісті басқару көп жағдайда оңай емес. Мамандардың айтуынша, стресс пен психоэмоционалдық жүктеменің артуы адамның жалпы денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Осыған орай, №10 қалалық емханада «Эмоционалдық күйзелісті басқару және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны емхананың психолог мамандары өткізді. Тренинг барысында қатысушыларға күйзелістің пайда болу себептері, оның адам ағзасына әсері және стресс деңгейін төмендету тәсілдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар тыныс алу жаттығулары, өзін-өзі реттеу және жағымсыз эмоцияларды бақылау әдістері тәжірибелік түрде көрсетілді. Мамандар мұндай іс-шаралардың мақсаты – психологиялық саулықты нығайту және азаматтарды күйзеліс жағдайында дұрыс әрекет етуге үйрету екенін атап өтті.
Бүгін №10 қалалық емханасының дәрігер-фтизиатрлары мен психологтары Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінде студенттермен кездесті. Кездесудің тақырыбы – туберкулездің алдын алу.
Мамандар аурудың жұғу жолдары, алғашқы белгілері және ерте анықтаудың маңызы туралы айтты. Әсіресе флюорографиялық тексеруден уақытылы өтудің қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, иммунитетті күшейту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері көтерілді. Айта кетейік, мұндай ақпараттық кездесулер профилактикалық айлық аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бүгін №10 қалалық емхана ұжымы арасында «Жалпыұлттық коалиция: “Әділетті және прогрессивті Қазақстан – Халық Конституциясы үшін!”» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Жалпыұлттық коалиция өкілдері мен емхана қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, олардың саяси жүйені жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі рөліне басымдық берілді. Мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыру, қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыру және халық үнін есту қағидатын институционалдық деңгейде нығайту мәселелері қозғалды. Спикерлер реформалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен күтілетін нәтижелеріне нақты тоқталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, өзара пікір алмасу форматында ашық талқылау өтті. Кездесу ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүйелі жалғасы ретінде ұйымдастырылып, медициналық ұйым қызметкерлерінің қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына бағытталды.
Қазақстан халқы көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесін атап өтеді.
⏺ Биыл бұл мерекенің ресми бекітілгеніне 10 жыл толып отыр. Алғыс айту күні – мейірім мен ізгіліктің, татулық пен өзара құрметтің белгісі. Халық денсаулығы үшін еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне жылы сөз айту – үлкен қолдау. Кейде бір ауыз «рахмет» дәрігерге жаңа күш пен жігер сыйлайды. Қоғам болып медицина мамандарының еңбегін бағалай білейік.