Кәсіби күйзеліспен қалай күресуге болады? 🧠
Бүгін №10 қалалық емханада маңызды кездесу өтті. С.Ж. Асфеньдияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, нутрициолог Ардақ Чуенбекова тұрғындармен күнделікті тығыз жұмыс істейтін мамандарға арнап арнайы дәріс оқыды.
Кездесудің басты тақырыбы — «Кәсіби күйзеліс: мәселенің өзектілігі және оны жеңу жолдары».
Қызмет бабында адамдармен көп қарым-қатынаста болатын медицина қызметкерлері үшін бұл өте қажетті тақырып.
Профессор күйзеліспен күресудегі тамақтанудың маңыздылығына тоқталды. Дұрыс тамақтану рационы ағзаның психоэмоционалдық тұрақтылығына тікелей әсер ететінін айтты.
Ағзаны стресске төзімді ету үшін қажетті дәрумендер кешені мен минералдардың маңызы туралы ғылыми түсініктеме берілді.
Қатысушылар профессорға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды. Кездесу соңында мамандар стресс деңгейін төмендетуге бағытталған арнайы ұсынымдармен танысты.