a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70
Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы 1414 8-708-480-32-70, +7 (727) 338-45-99, +7 (727) 338-46-87, +7 (727) 338-45-05
Title Image

Жаңалықтар

Home  /  Жаңалықтар

Медицина – адам тағдырымен тікелей байланысты, жауапкершілігі өте жоғары сала. Күнделікті науқастармен жұмыс істеу, ауыр диагноздармен бетпе-бет келу, уақытпен жарысу – дәрігерлерді психоэмоционалдық тұрғыдан қажытып, кәсіби күйзеліске (burnout) алып келетіні жасырын емес. Күндклікті қарбаластағы мамандардың қызметтегі күйзелісінің алдын алу мақсатында емхананың стратегиялық даму қызметі мамандардың рухани еңсесін көтеруге бағытталған «Денсаулық сақшысы – қоғам тірегі» атты арнайы жиын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ақ халаттыларға кәсіби тұрғыда қолдау көрсету, стресстік жағдайларды басқарудың тиімді жолдарын үйрету және дәрігерлердің қоғамдағы беделін айқындау. Басқосу аясында психология саласының майталмандары дәрігерлермен еркін форматта сұхбаттасты. Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатр-психотерапевті Карина Абдулла мен «Тұран» университетінің докторанты, психолог Гульшат

Бүгін №10 қалалық емханада маңызды кездесу өтті. С.Ж. Асфеньдияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, нутрициолог Ардақ Чуенбекова тұрғындармен күнделікті тығыз жұмыс істейтін мамандарға арнап арнайы дәріс оқыды.Кездесудің басты тақырыбы — «Кәсіби күйзеліс: мәселенің өзектілігі және оны жеңу жолдары».Қызмет бабында адамдармен көп қарым-қатынаста болатын медицина қызметкерлері үшін бұл өте қажетті тақырып. Профессор күйзеліспен күресудегі тамақтанудың маңыздылығына тоқталды. Дұрыс тамақтану рационы ағзаның психоэмоционалдық тұрақтылығына тікелей әсер ететінін айтты. Ағзаны стресске төзімді ету үшін қажетті дәрумендер кешені мен минералдардың маңызы туралы ғылыми түсініктеме берілді. Қатысушылар профессорға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды. Кездесу соңында мамандар стресс деңгейін төмендетуге бағытталған арнайы ұсынымдармен танысты.

АББ #Емхана #Денсаулық #ДәрігерКеңесі #МӘМС

🔹 Тіркеуге өз бетінше жазылу, кезекке тұру;🔹 ЖСН мен енгізілген мәліметтерді автоматты түрде тексеру;🔹МӘМС статусын тексеру;🔹 Қарбалас уақытта тіркеуге немесе дәріханаға кезекті реттеп, уақытты үнемдеу.Процесс өте қарапайым: экранды түртіп, ЖСН- ды енгізіп қажетті қызметті белгілеу жеткілікті. Жүйе бірнеше секунд ішінде талонды басып шығарады.🎥 Толық нұсқаулық бейнероликте.

Бұл жалғанда адам баласынан асқан мықты жаратылыс иесі жоқ сияқты. Десе де, кейде ең осалы да осы адам ба дерсің. Тағдырдың тауқыметімен төсекке таңылып, талайдың күні кісіге қарап қалғаны — өмірдің ащы шындығы. Мұндай қиын сәтте адамға құрғақ сөз емес, нағыз кәсіби көмек пен үміт сыйлайтын жылы қол керек. Осы бір қасиетті миссияны иығына арқалап, науқастарды жаңа туған сәбидей өмірге қайта бейімдеп жүрген жан — №10 қалалық емхананың емдеу дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушысы Ризагүл Қойшыманова. Ризагүл — өз ісіне берік, артық сөзі жоқ, сабырлы жан. Ол өзін «мен» деп кеудесінен ұрып, жетістігін жарияға жар салып көрсетуге құмар емес. Тіпті, көп сөйлегенді

Skip to content