№10 ҚЕ Жастар денсаулығы орталығы

ЖОБА ТУРАЛЫ

Ұлттық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (ҰСӨСҚО) Біріккен ұлттар ұйымының  Халықтар саны саласындағы Қорының (ЮНПФА) техникалық қолдауымен "Барлығына арналғант репродуктивті денсаулық" жобасын іске асмыру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жобаның мақсаты - халықтың өз денсаулығына деген көзқарасын өзгерту мен хабардар ету арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында қауіпсіз репродуктивті мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады.   

МИССИЯ

Әлем халықтарының жартысына жуығы - 25 жасқа дейінгі жастар, бұл тарихтағы ең көп ұрпақ буыны. Жастар көптеген проблемалар мен қауіп-қатерлерге ұшырайды, сондықтан саламатты және нәтижесі өмір сүруді көздейтін пайдалы ақпараттар мен қызметтерді қажет етеді. Бүгінгі күні адамның басты құқығы болып табылатын репродуктивті денсаулыққа қатысты жасөспірімдердің түрлі қажеттіліктеріне айрықша көңіл бөлінген. Көптеген елдер, соның қатарында Қазақстан жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы саласында ахуалдың жақсарғанын хабарлады, бұл қабылданған заң мен саяси бағыттың, жастарға қажетті өмір дағдыларын қалыптастыру мен медицина мәселелері бойынша ағарту жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Дегенмен, көптеген іс-шаралар ауқымы жеткіліксіз болғандықтан, жүзеге асырылатын бағдарламаларды белсендіруге қажетті ресурстарды ұсыну мен дайындықты қамту басты міндет болып табылады.

2003 жылы ЮНПФА Ұлттық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен (ҰСӨСҚО) бірге даму саласындағы ұлттық жоспарлар мен ЮНПФА бағдарламалары аясында жастардың құқықтарын қолдау және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған «Барлығына бірдей репродуктивті денсаулық» жобасын бастады. Қазақстан жастардың әлсіздігін азайту үшін, жастар қатыса алатын этникалық, жас ерекшелік, гендерлік және мәдени факторлар ескерілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін шұғыл шаралар қабылдауға басым назар аударады.

Жастар денсаулығы орталықтары

 Кейде адам өзін игілікті ниетті адамдардың тыңдағанын қажет етеді. Мұндай әңгімелесу барысында көп нәрселерді түсінуге болады, адамның ішкі жан-дүниесі жеңілдейді. Егер, қандай да бір проблема туындаса, оны жалғыз өзің шешу мүмкін болмаған жағдайда кімге немесе қайда жүгінуге болады?! Ондай жағдайда сен жалғыз болмайсың. Бүгінгі күні Қазақстанда жастарға деген игілікті ұстаным қалыптастырылған.

Жастар денсаулығы орталықтары (ЖДО) – бұл жастар мен жасөспірімдерге шынайы медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек кқрсететін қызметтер.  

Жастар денсаулығы орталықтары мына қағидаттарды ұстанады:

   Еріктілік

   Қолжетімділік

   Ниеттестік

   Сенім

   Орталықта білікті және қолжетімді көмек, сондай-ақ мына мәселелер бойынша кеңес

   беріледі:

   Репродуктивті және сексуалды денсаулық

   Отбасын жоспарлау

   Контрацепция

   Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалардың, АИТВ/ЖИТС алдын алу

   Психикалық денсаулық

   Маскүнемдіктің, нашақорлықтың және шылым шегудің алдын алу

   Дұрыс тамақтану

   Күйзеліс пен депрессиялық жағдайлардың алдын алу

   Оқыс жағдайлар мен жарақаттанудың алдын алу

   Қатыгездік пен зорлық проблемалары

   Құқықтық кеңес беру