a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

Home  /  Жаңалықтар (Page 4)

Бүгін емханамыздың әкімшілік ұжымы қадірлі Кужыбаева Майра Мырзашовнаны 60 жас мерей тойымен шын жүректен құттықтады. 34 жылға созылған еңбек жолының соңғы 6 жылын ол біздің емханада рентгенолог маманы ретінде адал еңбек етіп келеді. Емхана басшысы Сабит Пазилов туған күн иесін мерейлі жасымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Ұжым атынан сыйлық табысталып, жүрекжарды лебіздер айтылды.

Бүгін №10 қалалық емханада басшылық пен медициналық ұжымның қатысуымен жұмыс жиналысы өтті. Жиында емхана қызметінің ағымдағы көрсеткіштері мен емделушілерге көрсетілетін медициналық көмекті дамытуға бағытталған жоспар талқыға салынды. Күн тәртібінде клиникалық хаттамалардың сақталуы, медициналық ақпараттық жүйені (МИС) жүргізудің сапасы, скринингтік тексерулердің орындалу деңгейі, сондай-ақ анықталған кемшіліктер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері және оларды түзету шаралары сөз қозғалды. Сонымен қатар емхана бөлімдерінде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және белгіленген стандарттардың орындалуы мәселелері қаралды. Медициналық қызметкерлер 2026 жылдың қаңтар айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, кәсіби құзыреттілікті арттыру және заманауи емдеу әдістерін енгізу бағытындағы іс-шаралармен таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылы мен жауапкершілігі медициналық қызметтің тұрақты

Мекеме басшысы есеп беру сөзінде №10 емханасының қызметін сапалы талдап, оның құрылымы мен негізгі көрсеткіштерінің серпініне тоқталды. Сондай-ақ өткен кезеңнің маңызды белестерін атап, аурухананың жылдық қызметінің қорытындысын жариялады және түйткілді мәселелерге де көңіл бөлді. Есеп соңында Сабит Бексеитұлы емхана ұжымына жыл бойы атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. Басты баяндамадан кейін бас дәрігер Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Еркін Нұрлыхановтың сұрақтарына жауап берді.

Әріптестері Роза Қарабекқызына кәсібилігі мен адалдығын жоғары бағалап, оның еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Құттықтау шарасында жылы сөздер мен ізгі тілектер айтылып, мерейтой иесіне гүл шоқтары мен құрмет грамоталары табыс етілді. Емхана ұжымы Роза Қарабекқызына зор денсаулық, ұзақ өмір және кәсіби табыс тілейді.

Бүгін ол көрсетілген медициналық көмектің сапасын жоғары бағалап, бөлімше қызметкерлерінің кәсібилігін атап өтіп, алғыс білдірді.

Қаладағы №10 емханада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде. Медициналық қызметкерлер науқастарды қабылдау кезінде алдағы өзгерістер туралы айтып қана қоймай, тұрғындармен жеке кездесулер өткізеді, сондай-ақ ашық қоғамдық орындарда сөйлесіп, ақпараттық брошюралар таратты. Еске салсақ, биылдан бастап 24 әлеуметтік маңызды және созылмалы аурулар бойынша кейбір медициналық қызметтер ТМККК пакетінен МӘМС жүйесіне көшірілді. Енді бұл қызметтер тек сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі. Дегенмен, әлеуметтік маңызды ауруларды бастапқы анықтау бәріне тегін жүргізіледі. Мемлекет 15 жеңілдікті санаттағы азаматтардың, соның ішінде ресми тіркелген жұмыссыздардың, МӘМС жүйесіне жарналарын төлеуді жалғастырады. МӘМС#ОСМС#ГП10

Бүгін Әуезов ауданында сақтандырылмаған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту жөніндегі штабтық кеңес өтті. Кеңес Алматы қаласы әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахымның хаттамалық тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Бану Манапова, №10 қалалық емхана басшысы Сабит Пазилов және аудандағы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Қазіргі таңда аудан аумағында 5 мемлекеттік және 7 жекеменшік емхана жұмыс істейді. Жиында сақтандырылмаған азаматтарды тарту, жұмыс процесіндегі кедергілерді жою және тиімді шешімдер қабылдау мәселелері талқыланды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сақтандырылмаған азаматтар саны 20%-ға азайып, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі байқалды.

ЖШС KazTehService инженері-метролог Максат Дауренбек барлық құралдарды мұқият тексеріп, олардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізді. Бұл шара медициналық процедуралардың қауіпсіз әрі тиімді өтуін қамтамасыз етіп, дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Барлық құралдар тексеруден өтіп, салыстырып тексеру сертификатын алды.

Олар Универсалды прогрессивтік патронаждық қызмет көрсету моделінде (УПМП) жұмыс істейді. Жүкті әйелдерге, жаңа туған сәбилерге, отбасыларға алғашқы күннен қолдау көрсетеді. Мақсат — әр анаға көмек беру, әр баланың қауіпсіз және қамқор ортада өсуін қамтамасыз ету. Модельді ДДСҰ мен ЮНИСЕФ мойындаған. Әр отбасы жеке қаралады: біреуге қарапайым көмек жетсе, енді біреуіне кеңейтілген немесе ерекше қамқорлық қажет. Медбикелер тек баланы тексеріп қоймайды, ата-аналарға кеңес береді, барлығын түсіндіреді. Сенім қалыптастырады, жылы сөзін аямайды. Күн сайын 6–7 отбасын аралайды, сәбилердің дамуын, әдеттерін, күнделікті өмірін бақылайды, кеңес береді. Қадамдары жылдам, көзі әрдайым ашық — бәрін уақытында үлгеру керек. Медбикелердің айтуынша, бір күнде олар 15 мыңнан астам қадам жасайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық көмек көрсету тәртібінде өзгерістер енгізілді. ✅ Әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау, бақылау және емдеу енді ТМККК аясында жүргізіледі.✅ Созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек МӘМС арқылы көрсетіледі. Бұл сіздерге нені білдіреді? МӘМС жүйесі туралы ақпараттық бұрыштан толық ақпарат ала аласыз. Біздің мамандар барлық жаңалықтарды түсінікті етіп түсіндіріп, сұрақтарыңызға жауап береді.

Skip to content