a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

Home  /  Жаңалықтар (Page 3)

Бүгін №10 қалалық емханада салааралық мамандардың қатысуымен кезекті отырыс өтті. Басқосуда қолдауды қажет ететін отбасының жағдайы талқыланды. Мамандар жас ананың ішімдікке тәуелділігі, баланың дамуындағы кешеуілдеу және ананың денсаулығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Әрқайсысы өз саласы бойынша пікір білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау барысында отбасының тұрмыстық ахуалы мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесі жан-жақты сараланды. Жиында әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарының барысы қаралып, оған тартылған мекемелердің өзара әрекеті пысықталды. Мамандар алдағы уақытта атқарылатын қадамдарды нақтылап, отбасыға қолдау көрсету шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. Мәселе жауапты мамандардың тұрақты бақылауында.

Дәрігерлерімізге ыстық лебізін білдірушілер легі жалғасуда. «Алтын алма, алғыс ал» деген дана халқымыз. Ақ халатты абзал жандардың еңбегіне берілген шынайы алғыс — олардың жұмысына берілген ең үлкен баға. Әрбір жылы сөз, әрбір ризашылық мамандарымыз үшін үлкен қолдау әрі сенім көрсеткіші.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдауды апта сайын жүргізеді. Кездесулер бейсенбі сайын сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.Қабылдау барысында қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты өз сұрақтарын, ұсыныстарын және мәселелерін көтере алады.Қосымша ақпарат алу және жазылу үшін пациенттерге арналған call-орталыққа келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:+7 700 050 1213, +7 700 050 1312.

Алматы қаласындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері ата-аналарға тағы да қатаң ескерту жасайды: магнитті шариктер мен ұсақ магнит бөлшектері кішкентай балалар үшін өлімге әкелуі мүмкін аса қауіпті заттар. Бұл жолы да тағы бір шұғыл операция сәби жұтып қойған магнитті шариктерді алып шығу бойынша жасалды. Науқастың жасы екіге де толмаған. Орталықтың қабылдау бөліміне 1 жас 9 айлық бала өте ауыр жағдайда жеткізілген. Баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы — шұғыл хирургиялық араласу болды. Дәрігерлер ортаңғы лапаротомия жасап, құрсақ қуысы ағзаларына толық тексеру жүргізді. Хирургтер ішектен 31 магнитті алып шықты, жіңішке ішектегі көптік тесіктерді тікті, құрсақ қуысын тазалап, дренаж орнатты, сондай-ақ ішекке трансаналдық

2026 жылғы 9 ақпанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК базасында «Балалардағы ішек өтімсіздігі» тақырыбында кезекті оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шара офлайн форматта және ZOOM платформасы арқылы өтті.Семинарға аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігерлері, бөлімше меңгерушілері, сондай-ақ директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Ешібекова қатысты.Оқыту семинарын ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» КМК-ның шұғыл хирургия қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас маманы, балалар хирургі Мейржан Бекетұлы Құрманалиев жүргізді.Іс-шара барысында балалар хирургиясында жиі кездесетін және өзекті патологиялардың бірі – ішек өтімсіздігі мәселесі жан-жақты қаралды. Аталған жедел патологиялық жағдай ішек

2026 жылғы 9 ақпанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК базасында «Балалардағы ішек өтімсіздігі» тақырыбында кезекті оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шара офлайн форматта және ZOOM платформасы арқылы өтті. Семинарға аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігерлері, бөлімше меңгерушілері, сондай-ақ директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Ешібекова қатысты. Оқыту семинарын ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» КМК-ның шұғыл хирургия қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас маманы, балалар хирургі Мейржан Бекетұлы Құрманалиев жүргізді. Іс-шара барысында балалар хирургиясында жиі кездесетін және өзекті патологиялардың бірі – ішек өтімсіздігі мәселесі жан-жақты қаралды. Аталған жедел патологиялық жағдай ішек

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында Қалалық қан орталығымен бірлесіп ауқымды Донор күні ұйымдастырылды. Акция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бастамашы болған «Донор бол және үміт сыйла» республикалық эстафетасы аясында өтті.Орталық ерікті донорлық мәдениетін дамытуға бағытталған жалпыұлттық бастаманы қолдап, донорлық қозғалыс эстафетасын қабылдады. Іс-шара орталық қызметкерлерін, серіктес ұйымдардың өкілдерін, Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлерін және бейжай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді. Донорлық қозғалысқа орталықтың дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің өздері қосылғаны ерекше мәнге ие болды. Күн сайын операциялық және реанимация бөлімдерінде пациенттердің өмірін сақтап жүрген мамандар бұл күні донор ретінде де көмек көрсетіп, жеке үлгісімен акцияны қолдап, қан қорын толықтырды. Іс-шара ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған деңгейде өтті: бұған дейін

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында Қалалық қан орталығымен бірлесіп ауқымды Донор күні ұйымдастырылды.Акция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бастамашы болған «Донор бол және үміт сыйла» республикалық эстафетасы аясында өтті.Орталық ерікті донорлық мәдениетін дамытуға бағытталған жалпыұлттық бастаманы қолдап, донорлық қозғалыс эстафетасын қабылдады.Іс-шара орталық қызметкерлерін, серіктес ұйымдардың өкілдерін, Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлерін және бейжай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.Донорлық қозғалысқа орталықтың дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің өздері қосылғаны ерекше мәнге ие болды. Күн сайын операциялық және реанимация бөлімдерінде пациенттердің өмірін сақтап жүрген мамандар бұл күні донор ретінде де көмек көрсетіп, жеке үлгісімен акцияны қолдап, қан қорын толықтырды.Іс-шара ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған деңгейде өтті: бұған дейін

Емхана жұмысы медициналық мекеме қабырғаларымен ғана шектелмейді. №10 қалалық емхананың мейіргерлері отбасылардың үйіне барып, патронаждық көмек көрсетіп келеді. Бұл – кішкентай баласы бар немесе сәби күтіп отырған жанұяларға бағытталған қолдау. ✔️Мейіргерлер үйге барып, ата-аналармен ашық әңгіме жүргізеді. Баланың күтімі, дұрыс тамақтануы, қауіпсіз орта қалыптастыруы және жас ерекшелігіне сай дамуы туралы кеңес береді. Қажет жағдайда нақты ұсыныстар айтып, ата-аналарға сенімді бағыт-бағдар көрсетеді. Әсіресе жас ата-аналар үшін мұндай қолдаудың маңызы зор. Қазіргі таңда патронаждық қызмет жүйелі түрде жүзеге асып, көптеген отбасының алғысына бөленіп отыр. Жуырда Анар ханым осы бағытта еңбек етіп жүрген мейіргерлерге арнайы видео арқылы алғысын жеткізді.

Сәтті кейс арасынан №10 қалалық емханада 60 мыңға жуық тұрғын медициналық бақылауда. Күн сайын жүздеген дәрігер халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуде. Ақ халатты абзал жандар үшін әр күн — жоғары жауапкершілік пен үлкен еңбек. Қарқынды жұмыстың нәтижесінде көптеген науқас қайта қалыпты өміріне оралуда. 49 жастағы Амангелді Сүймбаев соңғы екі жылға жуық №10 қалалық емханада бақылауда. 2024 жылы оған оң жақ иық буынының импиджмент синдромы диагнозы қойылып, артроскопиялық операция жасалды. Отадан кейін емхананың оңалтудың үшінші кезеңінен өтіп, толық сауығып шықты. Кейін сол жақ тізе буынындағы мениск жыртылуына байланысты №12 қалалық ауруханада артроскопиялық операция жасалды. Қазіргі таңда науқас №10 қалалық емханада иық пен тізе

Skip to content