a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

Home  /  Жаңалықтар (Page 2)

Туберкулездің алдын алу айлығы жалғасуда. Осы кезеңде Алматы қаласының №10 емханасының ұжымы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Негізгі мақсат – халықтың хабардарлығын арттыру, туберкулездің қаншалықты қауіпті жұқпалы ауру екенін еске салу және оның алдын алу шараларын кеңінен насихаттау. Аталған бағыттағы іс-шаралар аясында бүгін №126 мектеп-лицейінде емхананың мектеп дәрігері Гүләйім Мұратасылқызы 7–9 сынып оқушыларына арналған ауқымды ақпараттық кездесу өткізді. Кездесу барысында «Туберкулез дегеніміз не?», «Кох таяқшасы дегеніміз не?», «Ауру қалай жұғады және оның алдын алу жолдары қандай?» деген өзекті сұрақтар қамтылды. Оқушыларға туберкулездің ауа-тамшы жолымен берілетіні, ерте кезеңде анықтаудың маңызы, флюорографиялық тексерудің рөлі және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар жеке

Напоминаем, что стартовал месячник по профилактике туберкулёза.В рамках информационной кампании врач-фтизиопедиатр ГП №10 Гульмира Салимовна рассказала о значении ранней диагностики туберкулёза у детей и подростков. Помните, что ранняя диагностика ключевой фактор в сохранении здоровья ребёнка и предотвращении распространения инфекции. Просим родителей ответственно относиться к профилактическим обследованиям и не отказываться от диагностических проб без медицинских противопоказаний.

Жаңа Конституция жобасы кемел келешекке бағдарланған маңызды құжат. Ол адам құқықтарын басты құндылық ретінде бекітеді. Тарихи бастама бүгін №10 қалалық емхана ұжымы арасында жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі ережелері мен тұжырымдамалық мазмұны таныстырылды. Сарапшылардың пікірінше, құжат биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырып, қоғамды одан әрі демократияландыруға негіз қалайды. Ол Парламенттің, сот жүйесінің және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ тағы бір маңызды тұсы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді неғұрлым теңгерімді бөлуге мүмкіндік жасамақ.

Маманның айтуынша, қол саусақтарының сіңір жарақаттары көбіне тұрмыстық және өндірістік жарақаттар салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда науқас саусағын бүге немесе жаза алмайды, қол қызметі айтарлықтай шектеледі, ұсақ моторика бұзылады. Саусақ сіңірлерін қалпына келтіру операциялары микрохирургиялық әдіспен жүргізіледі. Үзілген сіңір ұштары арнайы тігіс материалдарының көмегімен біріктіріледі, ал ақау көлемді болған жағдайда сіңір пластикасы жасалады.

Сарапшылар медициналық құжаттаманы рәсімдеу, клиникалық хаттаманы сақтау және пациентке көрсетілетін қызметтің тиімділігіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланды. Талдау барысында жиі жіберілетін қателіктер сараланып, олардың алдын алу жолы түсіндірілді. Жиналыста бұдан өзге скринингтік тексерулерді уақтылы анықтау және орындау көрсеткіштері қаралды. Қамту деңгейін арттыру, профилактикалық тексеру сапасын күшейту бағытында қолға алатын мәселелер жайлы сөз қозғалды. Мамандардың айтуынша, ауруды ерте анықтау - тиімді ем жүргізудің басты алғышарты. Күн тәртібінде сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және төтенше жағдай кезіндегі эвакуация тәртібі пысықталды. Қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын сақтау мен әрекет алгоритмін нақты орындау туралы айтылды. Жиын қорытындысында бағыттар нақтыланып, алдағы кезеңге арналған тапсырмалар берілді.

Бүгін №10 қалалық емханада вакцинация және иммунопрофилактика тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі профилактикалық шаралар туралы түсінік беру. 👩‍⚕️ Іс-шараға емхана педиатрлары мен медперсоналы қатысты. Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты және толық жауап алды. 📊 Презентация Алматы қаласының эпидемиология саласындағы тәжірибелі мамандары әзірлеп, қатысушыларға практикалық ұсынымдар ұсынды. Кездесу барысында профилактикалық екпелердің маңыздылығы, Ұлттық екпе күнтізбесін сақтау, вакцина қауіпсіздігі және пациенттерге түсіндіру жұмысының тиімді әдістері талқыланды. Дәрігерлер мен медбикелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға толық жауап алды. ✅ Семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және халыққа ақпаратты дұрыс жеткізуге бағытталды

Күнделікті №10 қалалық емханада 400-ге жуық емделуші консультацияға, ем-шараларға және дәрігер қабылдауына келеді. Пациенттердің ризашылығы мен жылы лебізі медицина қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетіп, олардың жауапты еңбегіне жігер береді.

Бүгін №10 қалалық емханада вакцинация және иммунопрофилактика тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі профилактикалық шаралар туралы түсінік беру. 👩‍⚕️ Іс-шараға емхана педиатрлары мен медперсоналы қатысты. Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты және толық жауап алды. 📊 Презентация Алматы қаласының эпидемиология саласындағы тәжірибелі мамандары әзірлеп, қатысушыларға практикалық ұсынымдар ұсынды. Кездесу барысында профилактикалық екпелердің маңыздылығы, Ұлттық екпе күнтізбесін сақтау, вакцина қауіпсіздігі және пациенттерге түсіндіру жұмысының тиімді әдістері талқыланды. Дәрігерлер мен медбикелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға толық жауап алды. ✅ Семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және халыққа ақпаратты дұрыс жеткізуге бағытталды.

Бүгін №10 қалалық емханада вакцинация және иммунопрофилактика тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі профилактикалық шаралар туралы түсінік беру. 👩‍⚕️ Іс-шараға емхана педиатрлары мен медперсоналы қатысты. Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты және толық жауап алды. 📊 Презентация Алматы қаласының эпидемиология саласындағы тәжірибелі мамандары әзірлеп, қатысушыларға практикалық ұсынымдар ұсынды. Кездесу барысында профилактикалық екпелердің маңыздылығы, Ұлттық екпе күнтізбесін сақтау, вакцина қауіпсіздігі және пациенттерге түсіндіру жұмысының тиімді әдістері талқыланды. Дәрігерлер мен медбикелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға толық жауап алды.

Skip to content