a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70
Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

Тазалық – ішкі мәдениеттің айқын көрінісі.

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпықалалық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке №10 қалалық емхананың қызметкерлері де белсенді түрде қатысты.

Іс-шара Сайран шағынауданында өтіп, қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Бұл бастама – бір күндік шара емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімге бағытталған жұмыс. «Таза Қазақстан» акциясының мақсат-міндеттерімен толық үндеседі. Тек бірлесе әрекет ету арқылы ғана қоршаған ортаны жақсартып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра аламыз», – деді емхана директоры Сабит Пазилов.

Айта кету керек, сенбілік барысында аулаларға, іргелес аумақтарға, қоғамдық кеңістіктерге және сауда мен қызмет көрсету нысандарының айналасына ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.

Skip to content