a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70
Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

🌷Мейірім мен қамқорлықты үйлестірген жандар бақ сынасты

Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында Алматы қаласындағы №10 қалалық емханада орта буын медицина қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтті.

Байқауға Әуезов ауданындағы 7 медициналық ұйымның өкілдері қатысты. Қатысушылар қалалық және республикалық кезеңдер алдындағы іріктеуге дайындық деңгейін көрсетті. Қалалық кезеңнің қорытындысы 28 сәуірде шығарылады. Жеңімпаздар Алматы атынан республикалық деңгейде бақ сынайды.

Байқау қатысушыларына медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары (ЛПР) Лайла Сүлейменова сәттілік тіледі.

«Құрметті мейіргерлер, фельдшерлер мен акушерлер! Сіздерді алда келе жатқан Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз — денсаулық сақтау жүйесінің берік тірегі. Бұл кәсіби мерекенің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамасымен белгіленуі де тегін емес. Сіздерге адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Әрдайым кәсіби өсіп-өркендеуді, зор денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деді Л. Сүлейменова.

Қатысушылардың білімі мен тәжірибесін, практикалық дағдыларын мейіргер ісінің жетекші мамандары мен сала ардагерлерінен құралған қазылар алқасы саралады. Қазылар қатысушылардың мықты және әлсіз тұстарын атап өтіп, ұсыныстарын білдірді.

Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар берілді.

Skip to content