a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

№10 қалалық емханада жұмыс жиналысы өтті

Бүгін №10 қалалық емханада басшылық пен медициналық ұжымның қатысуымен жұмыс жиналысы өтті. Жиында емхана қызметінің ағымдағы көрсеткіштері мен емделушілерге көрсетілетін медициналық көмекті дамытуға бағытталған жоспар талқыға салынды.

Күн тәртібінде клиникалық хаттамалардың сақталуы, медициналық ақпараттық жүйені (МИС) жүргізудің сапасы, скринингтік тексерулердің орындалу деңгейі, сондай-ақ анықталған кемшіліктер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері және оларды түзету шаралары сөз қозғалды.

Сонымен қатар емхана бөлімдерінде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және белгіленген стандарттардың орындалуы мәселелері қаралды.

Медициналық қызметкерлер 2026 жылдың қаңтар айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, кәсіби құзыреттілікті арттыру және заманауи емдеу әдістерін енгізу бағытындағы іс-шаралармен таныстырды.

Жиын қорытындысы бойынша қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылы мен жауапкершілігі медициналық қызметтің тұрақты әрі тиімді ұйымдастырылуының негізгі шарты екені атап өтілді.

Skip to content