№10 қалалық емханада кезекті жоспарлы жиын өтті. Басқосуға мекеме ұжымы толық қатысып, медициналық қызмет сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары сараланды.
Сарапшылар медициналық құжаттаманы рәсімдеу, клиникалық хаттаманы сақтау және пациентке көрсетілетін қызметтің тиімділігіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланды. Талдау барысында жиі жіберілетін қателіктер сараланып, олардың алдын алу жолы түсіндірілді.
Жиналыста бұдан өзге скринингтік тексерулерді уақтылы анықтау және орындау көрсеткіштері қаралды. Қамту деңгейін арттыру, профилактикалық тексеру сапасын күшейту бағытында қолға алатын мәселелер жайлы сөз қозғалды. Мамандардың айтуынша, ауруды ерте анықтау — тиімді ем жүргізудің басты алғышарты.
Күн тәртібінде сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және төтенше жағдай кезіндегі эвакуация тәртібі пысықталды. Қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын сақтау мен әрекет алгоритмін нақты орындау туралы айтылды.
Жиын қорытындысында бағыттар нақтыланып, алдағы кезеңге арналған тапсырмалар берілді.