№10 қалалық емханада ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу өтті
Бүгін №10 қалалық емханада вакцинация және иммунопрофилактика тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі профилактикалық шаралар туралы түсінік беру.
👩⚕️ Іс-шараға емхана педиатрлары мен медперсоналы қатысты. Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты және толық жауап алды.
📊 Презентация Алматы қаласының эпидемиология саласындағы тәжірибелі мамандары әзірлеп, қатысушыларға практикалық ұсынымдар ұсынды. Кездесу барысында профилактикалық екпелердің маңыздылығы, Ұлттық екпе күнтізбесін сақтау, вакцина қауіпсіздігі және пациенттерге түсіндіру жұмысының тиімді әдістері талқыланды. Дәрігерлер мен медбикелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға толық жауап алды.
✅ Семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және халыққа ақпаратты дұрыс жеткізуге бағытталды.