Туберкулездің алдын алу – басты назарда
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында психологтар мен студенттер бірлесіп, қоғам назарын туберкулездің алдын алу мәселесіне аудару мақсатында флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тұрғындарға аурудың алдын алу жолдары, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы және уақытылы медициналық тексеруден өтудің қажеттілігі түсіндірілді.
Мамандардың айтуынша, дер кезінде тексеріліп, профилактикалық шараларды сақтау – туберкулездің таралуын азайтудың маңызды қадамы. Флешмобтың басты мақсаты – халықтың денсаулық мәдениетін арттырып, аурудың алдын алу туралы ақпараттандыру.