a
ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 10» Управления здравоохранения города Алматынаходится на страже здоровья более 63000 жителей микрорайонов Аксай 1,2,4 и Жетысу 1,2 и 3, Дом ветеранов
Cб - Вс: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Call-центр по г. Алматы +7 (727) 3000-505 или 1414 87084803270
Call-центр ГП №10 г.Алматы 8-708-480-32-70

Последние новости

Добро пожаловать на наш сайт
Call-центр по г. Алматы +7(727) 339-56-93 +7(727) 339-56-94 или 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Новости

Кох таяқшасы туралы не білеміз? Оқушылармен ашық әңгіме

Туберкулездің алдын алу айлығы жалғасуда. Осы кезеңде Алматы қаласының №10 емханасының ұжымы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Негізгі мақсат – халықтың хабардарлығын арттыру, туберкулездің қаншалықты қауіпті жұқпалы ауру екенін еске салу және оның алдын алу шараларын кеңінен насихаттау.

Аталған бағыттағы іс-шаралар аясында бүгін №126 мектеп-лицейінде емхананың мектеп дәрігері Гүләйім Мұратасылқызы 7–9 сынып оқушыларына арналған ауқымды ақпараттық кездесу өткізді. Кездесу барысында «Туберкулез дегеніміз не?», «Кох таяқшасы дегеніміз не?», «Ауру қалай жұғады және оның алдын алу жолдары қандай?» деген өзекті сұрақтар қамтылды.

Оқушыларға туберкулездің ауа-тамшы жолымен берілетіні, ерте кезеңде анықтаудың маңызы, флюорографиялық тексерудің рөлі және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайтудың маңызы атап өтілді

Перейти к содержимому