a
ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 10» Управления здравоохранения города Алматынаходится на страже здоровья более 63000 жителей микрорайонов Аксай 1,2,4 и Жетысу 1,2 и 3, Дом ветеранов
Cб - Вс: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Call-центр по г. Алматы +7 (727) 3000-505 или 1414
Call-центр ГП №10 г.Алматы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94

Последние новости

Добро пожаловать на наш сайт
Call-центр по г. Алматы +7(727) 339-56-93 +7(727) 339-56-94 или 1414
Title Image

Новости

Ерекше балалардың аналарымен дөңгелек үстел.

Ерекше балалардың ата-аналарына арналған дөңгелек үстел өтті

Қалалық &10 емхананың басшысы Қалибекова Гүлнар Зарқынбекқызының және емдеу ісінің орынбасары Пияева Майра Ералықызы ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – ата-аналарды қолдау, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу алаңын құру болды.

Дөңгелек үстел барысында ата-аналар күнделікті кездесетін мәселелермен бөлісіп, оларды шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ, арнайы мамандар – психологтар, логопедтер, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлер кеңес беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шараға түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері соның ішінде ерекше баланың анасы “Ерекше балалардың ата-аналар одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Сағадиева Рауан Бақытбекқызы  мен жергілікті басқару органдарының қызметкерлері Бабаназаров Азамат Қуандықұлы,Күшпанова Гүлнар Абдрахманқызы қатысты. Сонымен қатар “Алау”реабилитациялық орталығының директоры Шегебаева Майя Толешқызы қатысты.Олар ерекше балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және білім беру салаларындағы жаңалықтар туралы ақпарат ұсынды.

Және де емханамыздың мамандары:

Логопед-деффектолог : Иманова Бахытгүл Слямбекқызы 

Нутрицолог-диетолог :Асқарова Бағлан Сапарбекқызы

Психолог: Байкенова Назира Құрақбаевна қатысты .

Қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, болашақта осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді

Перейти к содержимому