Емханамыздың дәрігер-хирургы, PhD доктор Қымбат Казантаев саусақ сіңірлерін қалпына келтіру бойынша жасалатын оталар туралы ақпаратпен бөлісті.
Маманның айтуынша, қол саусақтарының сіңір жарақаттары көбіне тұрмыстық және өндірістік жарақаттар салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда науқас саусағын бүге немесе жаза алмайды, қол қызметі айтарлықтай шектеледі, ұсақ моторика бұзылады.
Саусақ сіңірлерін қалпына келтіру операциялары микрохирургиялық әдіспен жүргізіледі. Үзілген сіңір ұштары арнайы тігіс материалдарының көмегімен біріктіріледі, ал ақау көлемді болған жағдайда сіңір пластикасы жасалады.