a
ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 10» Управления здравоохранения города Алматынаходится на страже здоровья более 63000 жителей микрорайонов Аксай 1,2,4 и Жетысу 1,2 и 3, Дом ветеранов
Cб - Вс: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Call-центр по г. Алматы +7 (727) 3000-505 или 1414 87084803270
Call-центр ГП №10 г.Алматы 8-708-480-32-70

Последние новости

Добро пожаловать на наш сайт
Call-центр по г. Алматы +7(727) 339-56-93 +7(727) 339-56-94 или 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Новости

Бүгін №10 қалалық емхана ұжымы арасында «Жалпыұлттық коалиция: “Әділетті және прогрессивті Қазақстан – Халық Конституциясы үшін!”» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Жалпыұлттық коалиция өкілдері мен емхана қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, олардың саяси жүйені жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі рөліне басымдық берілді. Мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыру, қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыру және халық үнін есту қағидатын институционалдық деңгейде нығайту мәселелері қозғалды.

Спикерлер реформалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен күтілетін нәтижелеріне нақты тоқталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, өзара пікір алмасу форматында ашық талқылау өтті.

Кездесу ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүйелі жалғасы ретінде ұйымдастырылып, медициналық ұйым қызметкерлерінің қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына бағытталды.

Перейти к содержимому