Скринингтік тексерулер

№10 ЕМХАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДІ ҰСЫНАДЫ!

Қатерлі ісік өлім-жітімнің жоғары көрсеткішінің себебі болып табылады. Бүгінгі күні қатерлі ісік үкім емес, емделетін сырқат. Қатерлі ісік ерте анықталатын болса, толықтай емделу мүмкіндігі де жоғары. Қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді, сондай-ақ ісіктердің дамуын ерте сатыда анықтау үшін СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН өту қажет!

СКРИНИНГ — бұл қауіп-қатер факторларын және ауруларды ерте сатыда анықтау арқылы емдеу тиімділігі арттыру мен асқынулардың дамуын алдын алу үшін белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеру.

Барлық СКРИНИНГТІК тексерулер өзіңіз тіркелген медициналық ұымда ТЕГІН жүргізіледі.

Скринингтік тексеру көлемі:

30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін жатыр мойыншасынан алынған жұғындыны цитологиялық зерттеу.

50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдердің сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография), маммологтың, онкологтың қарауы — көрсетілімдер бойынша.
50, 54, 58, 62 және 66 жастағы әйелдер:
қанды антидене мен оның түрлеріне тән-простатқа талдау, урологтың тексеруі, ультрадыбыстық зерттеу мен көрсетілімдер бойынша биопсия.

50, 52,54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ер адамдар мен әйелдер:
тоқішек ауруларын ерте анықтау үшін нәжісті жасырын қанға тестілеу, тоқішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия) — көрсетілімдер бойынша.

50, 52,54, 56, 58 және 60 жастағы ер адамдар мен әйелдер:
өңеш пен асқазанды эндоскопиялық зерттеу (эзофагогастроскопия).
гастроэнтерологтың, онкологтың зерттеу — көрсетілімдер бойынша.
«С» гепатиті мен бауыр беріші анықталған ер адамдар мен әйелдер:

қанды альфа-протеинге зерттеу, ультрадыбыстық тексеру.

СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН міндетті түрде өтіңіз!