Нур-Отан

1 маусым 2017 жылы

 

«Бақытты балалық шақ» жобасын іске асыру аясында, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай № 10 қалалық емхананың бас дәрігері Р. У. Тоқмолданованың және емхананың бастауыш партия ұйымының төрайымы  Тажибаева Ж.М. басшылығымен, емхана қызметкерлері – партияның белсенділері 2017 жылғы маусым айының 1-ші жұлдызында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.  Акцияның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы руханилықты нығайту, жанұя имиджінің көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында балалар мамандандырылған дәрігерлердің қабылдауында болып, тегін медициналық тексеру өткізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған кеңестер, кәсіби тексеруден жиі өтіп тұруға кеңес берілді. Акция барысында 96 адам қабылданды.

Сонымен қатар бұл күні 10 қалалық емхана  аниматорларды шақырып, ойындар, сайыстар, түрлі түсті бормен сурет салу конкурсы, спорт жарыстары ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған  мерекелік сайыстар мен жарыстарға белсене қатысқан балалар құралақан қалмай сыйлықтарға  ие  болды.

 

 

6 мамыр 2017 жылы

 

06.05.2017 жылы № 10 қалалық емхананың бас дәрігері Р. У. Тоқмолданованың және емхананың бастауыш партия ұйымының төрайымы  Өтеуова Г.А. басшылығымен, емхана қызметкерлері – партияның белсенділері  конференциялық залда  7 мамыр-Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр-Жеңіс күніне орай мерекелік концерт өткізілді. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!-деп     ізгі тілекпен емхана  директоры Роза Уразбаевна құттықтады.

 

 

4 мамыр 2017 жылы

 

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында № 10 қалалық емхананың бас дәрігері Р. У. Тоқмолданованың және емхананың бастауыш партия ұйымының төрайымы  Өтеуова Г.А. басшылығымен, емхана қызметкерлері – партияның белсенділері тыл еңбеккерлерінің, еңбек ардагерлерінің, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, сонымен бірге 1 топтағы мүгедек жандардың үйлеріне барып, азық-түлік себеттері мен сыйлықтарын табыстады.

 

 

26 сәуір 2017 жылы

 

«Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық филиалының № 10 Қалалық емханасы КСК« Алия » бастауыш партия ұйымында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілген іс шарасы

 

2017 жылдың 26 сәуірінде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында № 10 қалалық емхананың бас дәрігері  Р. У. Тоқмолданова басшылығымен жұмыс істейтін топ мүгедектері қызметкерлерімен :

1. Марьин В.В. – дала сыпырушысы,3 топ

2. Турдякова А.М. – дәрігер педиатр, 2 топ

3. Абдуллаева М.У. – акушер-гинеколог,3 топ

4. Гайипова Д.М. – отбасылық дәрігер, 3 топ

5. Амиртаева Л.М. – регистратор, 2 топ

6. Маркелова И.Ю. – инструктор ЛФК, 2 топ

кездесу өтті. Кездесу барысында саяси доктринасына сәйкес барлық азаматтар жоғарғы деңгейдегі өмір сүру стандарттарына сәйкес әлеуметтік көмекке тең дәрежеде қол жеткізуі керек екендігін айтты. Айта кету керек, аталмыш бағдарламаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге араласуына жағдай жасау болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру.

 

 

 

1 наурыз 2017 жылы

 

«Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы № 10 қалалық емхана бастауыш партия ұйымы жиналысының хатттамасы №6

Өткізу орны: Аксай 4 ыкшам ауданы, 17а үйі.  

Күні және уақыты:  01/03.2017ж. сағ. 14:00

Барлық партия мүшелері:  279 адам

Қатысқандар:  116 партия мүшесі

Жиналыс төрағасы: Токмолданова Р.У.

Жиналыс хатшысы: Тажибаева Ж.М.

Күн тәртібі:

1.     1- Наурыз  «Нұр Отан» партиясының құрылған  және Қазақстан халықтар Ассамблеясының құрылуы мен  алғыс айту күніне арналған құттықтау

2.     «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапаттау

3.     «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партия билетін тапсыру

4.     Емхана қызметкерлеріне сыйлық тапсыру


Күн тәртібінің сұрақтарын  қарастыру:

1. Жиналысты  №10 қалалық емхана  директоры  Тоқмолданова  Р.У.  айтулы мерекеге орай құттықтау сөзімен бастады.  Өз сөзінде

«Нұр Отан» - халықтық партия екенін,  Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.  Сонымен қатар Партиямыздың негізін қалаушы, яки Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз орнықты дамып келе жатқанын,  «Нұр Отан»   Елбасының  саяси  ұланы  ретінде,  биліктегі    партия  ретінде   бүкіл  жауапкершілік  салмағын  сезіне   отырып,   ұлттық патриоттық  жұмылуға  шақыратынын атап өтті.

2. «Нұр Отан»  партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.С. Омаровтың Алғыс хатымен емхана қызметкерлері Е.Т. Беркінбай мен К.С.Ибраеваны емхана бастауыш партия ұйымының төрайымы Өтеуова Г.А. марапаттады.

3. «Нұр Отан»  партиясының қатарына жаңадан қабылданған 25 партия мүшелеріне  бастауыш партия ұйымының төрайымы Өтеуова Г.А. партия билеттерін тапсырды.

4. Емханада көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан емхана қызметкерлері З.Т. Кадыроваға, О.В.Кориковаға, М.Ж.Белғожаеваға «Нұр Отан»  партиясының атынан емхана бастауыш партия ұйымының төрайымы Өтеуова Г.А. атқарған еңбектеріне алғыс айтып, сыйлық тапсырды.

 

 

10 ақпан 2017 жылы

 

Алматы қаласы Əуезов ауданы №10 қалалық емханасы КСК « Алия » бастауыш партия ұйымының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясындажемқорлыққа қарсы іс-шарасы туралы конференция өтті.

 

2017 жылдың 10 ақпан  күні, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Чукумов Бауыржан Ғаббасұлының қатысуымен, партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында, № 10 қалалық емханада партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жиналыс өтті.

 

 

26 қантар 2017 жылы

«Нұр Отан» партиясы бастауыш партия  ұйымының қызметкерлеріне «Нұр Отан» партиясының  саяси Доктринасымен  таныстыру

 

Ж. Тажибаева отбасылық дәрігер жиналысқа қаты­сушыларды «Нұр Отан» пар­тиясының саяси доктринасы жобасымен таныс­тыра отырып, «Нұр Отан  Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасы еліміздің ұстанып отырған саясатына сәйкес дер уақытында ұсынылып отырған маңызы зор іргелі құжат деді.
«Нұр Отан» партиясының мүшелерінің талқылауына ұсынылып отырған «Нұр Отан Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасында партияның идеологиясы нақтыланып, ұзақ мерзімге арналған негізгі құндылықтары айқындалып көрсетілген. Доктрина Елбасының мемлекеттік бағытының тұрақтылығы мен баяндылығын, көркеюін қамтамасыз ететін тірек ретінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты жүзеге асыруға қызмет етеді және оның қызмет ету мерзімі бірнеше онжылдықтарға есептелген».