Әуезов ауданында сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту жұмыстары пысықталды
Бүгін Әуезов ауданында сақтандырылмаған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту жөніндегі штабтық кеңес өтті. Кеңес Алматы қаласы әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахымның хаттамалық тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды.
Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Бану Манапова, №10 қалалық емхана басшысы Сабит Пазилов және аудандағы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Қазіргі таңда аудан аумағында 5 мемлекеттік және 7 жекеменшік емхана жұмыс істейді. Жиында сақтандырылмаған азаматтарды тарту, жұмыс процесіндегі кедергілерді жою және тиімді шешімдер қабылдау мәселелері талқыланды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша сақтандырылмаған азаматтар саны 20%-ға азайып, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі байқалды.

