a
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК Ақсай 1,2,4 және Жетісу 1,2 және 3 шағын аудандарының 63000-нан астам тұрғынының денсаулығын қорғауда, Ардагерлер үйі
Cб-Жк: 09:00 - 16:00 | Фильтр 09:00-18:00
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 3000-505 немесе 1414 8-708-480-32-70
Алматы қ. №10 ҚА Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 8-708-480-32-70

Соңғы жаңалықтар

Біздің сайтқа қош келдіңіз
Алматы қ. бойынша Call-орталығы +7 (727) 339-56-93 +7 (727) 339-56-94 немесе 1414 8-708-480-32-70
Title Image

Жаңалықтар

Сәтті кейс арасынан

Сәтті кейс арасынан

№10 қалалық емханада 60 мыңға жуық тұрғын медициналық бақылауда. Күн сайын жүздеген дәрігер халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуде.

Ақ халатты абзал жандар үшін әр күн — жоғары жауапкершілік пен үлкен еңбек. Қарқынды жұмыстың нәтижесінде көптеген науқас қайта қалыпты өміріне оралуда.

49 жастағы Амангелді Сүймбаев соңғы екі жылға жуық №10 қалалық емханада бақылауда. 2024 жылы оған оң жақ иық буынының импиджмент синдромы диагнозы қойылып, артроскопиялық операция жасалды. Отадан кейін емхананың оңалтудың үшінші кезеңінен өтіп, толық сауығып шықты.

Кейін сол жақ тізе буынындағы мениск жыртылуына байланысты №12 қалалық ауруханада артроскопиялық операция жасалды. Қазіргі таңда науқас №10 қалалық емханада иық пен тізе буындарына арналған кешенді емдеу және оңалту курсынан өтуде.

Емдеу динамикасы оң. Иық буынына соққы толқынды терапия мен коллаген егу, тізе буынына оңалтудың үшінші кезеңі және плазмотерапия жүргізілуде. Нәтижесінде науқас небәрі бір жарым ай ішінде толықтай сауығып, еңбек қызметіне қайта оралуға дайын.

Skip to content