ЕМХАНАДА АПТАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Күн тәртібінде емхананың негізгі қызмет бағыттарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, нәтижелі әрі сапалы жұмыс жүргізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ішкі еңбек тәртібін сақтау, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, негізгі көрсеткіштерді арттыру, науқастарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тіркеу, көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру, бекітілген нормативтерді орындау, салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттау және профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында емхананың бас дәрігері Сабит Пазилов медициналық қызмет сапасы мен жұмыс нәтижелілігі басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.
- Қызмет сапасы емхана жұмысының басты көрсеткіші. Әрбір қызметкер өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, жоспарлы көрсеткіштерді орындауға және нормативтік талаптарды қатаң сақтауға тиіс, — деді С. Пазилов.
Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелерге жоспарлы көрсеткіштерді орындау, ішкі тәртіпті сақтау және науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында дәстүрге сай ағымдағы айда туған күні болған ұжым мүшелері құттықтаумен тәмәмдалды.

