Бүгін №10 қалалық емханасының дәрігер-фтизиатрлары мен психологтары Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінде студенттермен кездесті. Кездесудің тақырыбы – туберкулездің алдын алу.
Мамандар аурудың жұғу жолдары, алғашқы белгілері және ерте анықтаудың маңызы туралы айтты. Әсіресе флюорографиялық тексеруден уақытылы өтудің қажеттілігіне тоқталды.
Сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, иммунитетті күшейту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері көтерілді.
Айта кетейік, мұндай ақпараттық кездесулер профилактикалық айлық аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді.