Батырлар тек сауыт киеді деп кім айтты?.Күнделікті тірлікті сабырмен, тиянақты атқару да кәсібиліктің белгісі.Медбикелердің тынымсыз еңбегі де батылдық емес пе? Олардың басты қаруы — құрал-жабдық та, ақ халат та емес, шынайы қамқорлық, мейірім мен кәсібилік.
Олар Универсалды прогрессивтік патронаждық қызмет көрсету моделінде (УПМП) жұмыс істейді. Жүкті әйелдерге, жаңа туған сәбилерге, отбасыларға алғашқы күннен қолдау көрсетеді. Мақсат — әр анаға көмек беру, әр баланың қауіпсіз және қамқор ортада өсуін қамтамасыз ету.
Модельді ДДСҰ мен ЮНИСЕФ мойындаған. Әр отбасы жеке қаралады: біреуге қарапайым көмек жетсе, енді біреуіне кеңейтілген немесе ерекше қамқорлық қажет.
Медбикелер тек баланы тексеріп қоймайды, ата-аналарға кеңес береді, барлығын түсіндіреді. Сенім қалыптастырады, жылы сөзін аямайды.
Күн сайын 6–7 отбасын аралайды, сәбилердің дамуын, әдеттерін, күнделікті өмірін бақылайды, кеңес береді. Қадамдары жылдам, көзі әрдайым ашық — бәрін уақытында үлгеру керек. Медбикелердің айтуынша, бір күнде олар 15 мыңнан астам қадам жасайды. Аяқ киімдерінің тез тозуы осы тынымсыз жұмыспен байланысты.
Патронаж қызметі — командалық іс. Медбикелер психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен бірге жұмыс істейді, қиын жағдайларда Межведомстволық комиссиямен кеңеседі. Қалалық поликлиника №10-да модель 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әр маман өз сөмкесін алады — қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектер бәрі дайын.
Олардың еңбегі көпке көрінбесе де, осы кішкентай, мәнерлі қадамдар — жүйенің шынайы күші.
