Бүгін №10 қалалық емханада жас ата-аналарға арналған ерекше сабақ өтті. Баланы дамыту кабинетінде алғашқы қосымша тағамды дұрыс енгізу бойынша тәжірибелік оқу ұйымдастырылды. Арнайы маман ата-аналарға сәбиге арналған тағамды қалай әзірлеу керектігін, ең алдымен қай көкөністерден бастау қажет екенін, жаңа асты қандай мөлшерде беру керегін және баланың ағзасының реакциясын қалай байқау керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
🔸Шеберлік сабағына учаскелік және педиатрия бөлімшесінің медбикелері де қатысып, білімдерін толықтырды. Олар алған тәжірибесін алдағы уақытта өз аймақтарындағы жас аналармен бөлісетін болады.
Сабақ еркін әрі түсінікті форматта өтті: ата-аналар көкейіндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алып, үй жағдайында қолдануға болатын практикалық дағдыларды меңгерді.
🔹Айта кетелік, мұндай шеберлік сағаттары айына 2 рет, ал қажет болған жағдайда одан да жиі өткізіледі.

